{metadescription}
Еліміздің балабақшаларында 7 мыңға жуық орын берілмей бос тұр
Еліміздің балабақшаларында 7 мыңға жуық орын берілмей бос тұр

Еліміздің балабақшаларында 7 мыңға жуық орын берілмей бос тұр

Бұндай мәлімет бүгін депутаттардың ашуын туғызды. Себебі ата-аналар осы кезде ұл-қыздарын мектепке дейінгі мекемеге орналастыра алмай қиналып жүр.

Наталья Жұмаділдаева, Мәжіліс депутаты:

-Еліміздің барлық балабақшасында 814 мың орын бар. Бірақ, құжатта соның 807 мыңы бос емес деп көрсетілген. Сонда қалған 7 мың орын неге берілмейді? Қағазда қателік кеткен бе?Әлде бұған басқа себеп бар ма?

Бірақ Мәжіліске балабақшалардың жұмысын жетілдіру туралы құжатты алып келген Білім және ғылым вице-министрі бұған мардымды жауап бере алған жоқ.Тек Суханбердиева 160 мыңнан астам бүлдіршіннің кезекте тұрғанын айтты. Ал мәселені шешу үшін алдағы екі жылда 2 мыңға жуық балабақша салынбақшы. Бірақ, тапшылық жойылғанымен, тәрбиешілер аз. Сондықтан министрлік олардың жалақысын өсіруді де сұрап отыр. Өйткені, жалақысы мардымсыз болғандықтан бұл жұмысқа көбі барғысы келмейді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде