{metadescription}
Ақтөбеде ұрланған газ Ауғанстанға жіберілмек болған
Ақтөбеде ұрланған газ Ауғанстанға жіберілмек болған

Ақтөбеде ұрланған газ Ауғанстанға жіберілмек болған

Ақтөбеде газ ұрлығына қатысы барлар шетінен қамалып жатыр.Алғашқылардың бірі болып қолына кісен салынған - көгілдір отынды тасумен айналысатын компанияның бас директоры Берік Есенов. Енді ол тергеу аяқталғанша кемі екі ай абақтыда отыруы тиіс.

Тергеушілер арнайы жасақпен жүріп, екі күн бойына Ақтөбедегі газ сататын компанияларды түгелдей тінтіп шыққан. Ақыры бекеттерге көгілдір отын таратып отырған «Голд степ» және «Азгаз логистик» серіктестіктерінің қитұрқы әрекеттері әшкере болыпты. Олар еліміздің өзге өңірлерінен бастап, Ресейге дейін газ жеткізген. Тіпті оны азсынып Ауғанстанмен байланыс ұстапты. Ол жаққа жөнелтпек болған 6 вагон көгілдір отынды тергеушілер тәркіледі. Дегенмен, Ақтөбеде газ тапшылығы мұнымен біткен жоқ. Әлі де жүргізушілер бекеттерде ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Бірақ көгілдір отынның бағасы он теңгеге арзандады. Қазір 41-43 теңгеден сатылып жатыр. Газға қатысты дауды шешуге кіріскен Мемлекеттік кіріс департаментіндегілер ертеңнен бастап оның еркін сатылатынын айтады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.