{metadescription}
Ақтөбеде өзен бойында ойнап жүріп жоғалған 9 жасар бала іздестіріліп жатыр
Ақтөбеде өзен бойында ойнап жүріп жоғалған 9 жасар бала іздестіріліп жатыр

Ақтөбеде өзен бойында ойнап жүріп жоғалған 9 жасар бала іздестіріліп жатыр

Төртінші сыныпта оқитын Біржан Ерсайыновтың суға құлап кеткенін екі оқушы көрген. Бірақ қорыққаннан дер уақытында ешкімге айтпапты. Қазір құтқарушылар суды сүзіп, иісшіл иттер де сол маңды тінтіп жүр. Дегенмен, кешелі бері Жіңішке өзенінің арнасы көтеріліп, ағысы күшейгендіктен, іздеу шараларына кедергі келтіруде.

Ауладан алысқа ұзамайтын Біржанның кешіккеніне алдымен әжесі алаңдаған. Ол немересі ойнайтын жерлердің барлығын аралап көргенімен, таба алмапты. Дереу тәртіп сақшыларына хабар беріп, іздеуге мектеп мұғалімдері мен көршілері де кіріседі. Сұрастыра келе Біржанмен бірге ойнаған екі оқушы оның өзенге құлағанын айтқан. Олар бұған дейін үлкендерден қорыққаннан үндемепті.

Гүлдана Өтемісова, Б. Ерсайыновтың бөлесі:

-Бақырып жылаған. Бірақ балалар келіп айтпаған. Үш баланың ойнаған, қылыштасып ойнаған үш таяғы жатыр су жағасында. Білмеймін. Іздеуде әлі.

Біржанның әке-шешесі Қобда ауданында тұрады. Ауылдағы мектеп жабылған соң баланы әжесінің қолына берген. Ол оқитын меткептегілер де кешелі бері тыным таппай жүр.

Гүлмира Орынбасарқызы, Б. Ерсайыновтың сынып жетекшісі:

-Біржан бірінші партада отырады үнемі. Жаңа қарап отырсам орны ойсырап, ыңғайсыз енді. Бала тез табылса екен. Мүмкін әжесінен,ата-анасынан қорқып, бір жерге жасырынып, киімдерін кептіріп деген сияқты енді неше түрлі ойлар келеді.

Қазір Біржанды іздеуге құтқарушылармен қатар полиция да тартылған. Тәртіп сақшылары иісшіл иттермен жағалауды тінтіп жүрсе, сүңгуірлер өзенді сүзуге кіріскен. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ.

Оксана Кичигина, Ақтөбе облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің сарапшысы:

-Ағыс қатты болып тұр. Қоқыс та мұнда көп жиналып қалған. Сондықтан іздестіру қиынға соғып жатыр.

Іздеу жұмыстарына еріген қар суының өзен деңгейін көтеріп жібергені де кедергі екен. Ал құтқарушылар ата-аналарға қызыл су жайлаған қазіргі уақытта балаларын көзден таса қылмауды ескертуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.