{metadescription}
Алматылық азамат 17 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеді
Алматылық азамат 17 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеді

Алматылық азамат 17 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеді

60 жастағы Юрий Тырловты біреулер осыншама уақыт жұмысқа жегумен келіпті. Тек қолына күрек ұстай алмайтын халге жеткенде, әлгі қожайындары оны бостандыққа жіберген көрінеді. Ескі мекен-жай бойынша үйіне тартқан жарымжан азамат, баспанасын да орнынан таппай қалған. Құжаты да, жақындары да жоқ ол қазір ауруханада жатыр.

Мол ақша табамын деп, құлдыққа тап болған кісі осы. 17 жыл бұрын біреулер оған табысты жұмыс ұсынып, шалғайдағы ауылға алып кеткен. Ол жерді өзі Жамбыл облысының Қордай ауданы деп отыр. Содан бері Юрийдің көрмеген қорлығы қалмапты.

Юрий Тырлов:

-Все делал. И баран пас, и кормил баран, и корм дробил, и чистил, все делал.

Осылай жылдар бойы жұмысқа жегілген. Тек денсаулығынан айырылып, еңбекке жарамсыз күйге жеткенде ғана, қожайындары Алматыға әкеліп тастапты. Ал 17 жыл бойғы жұмысы үшін қолына ұстатқандары – мың теңге ғана. Онсыз да азаптан әрең құтылған Юрий Тырлов мұнда келгенде де қиындыққа тап болған.

Юрий Тырлов:

-Приехал, там дома нету. Там построили детский сад, на моем участке.

Енді Юрийдің құжаты да, жақындары да жоқ. Ал денсаулығы сәл де болса түзеліпті. Мұнда ол жедел жәрдеммен өлімші күйінде жеткізілген екен.

Күләш Бабаева, невролог:

- Келген кезде есін дұрыс білмейтін. Мұрыны жарылған. Беті қан. Көп нәрсені айта алмайтын.  Ол кісіде сол жағындағы қол мен аяғы сал болып қалған. Тілі күрмеледі.

Қазір палатадағы өзге науқастар керек-жарағын алып, оған барынша көмектесуде. Юрий де тек соларға мұңын шағыпты.

Сапарбек Айтбай, Алматы қаласының тұрғыны:

- Еңгезердей дәу-дәу балалары бар дейді.Солар ұрған дейді. Шешесі Қытайдан келген оралман дейді. Адамнан гөрі бұл кісіге мал, қойлар жолдас болған.

Енді санаулы күндерден кейін қария бұл жерден шығарылады. Бірақ, барар жері болмағандықтан, дәрігерлер оны медбикелік күтім ауруханасына жібермек. Онда да тек 10 күндей паналай алады.

Сондықтан, дәрігерлер қазір құзырлы орындармен бірігіп, Юрий Тырловтың жақындарын іздеп жатыр. Қорлық көрген азаматтың өзі сотқа шағымданбақ. Сөйтіп, құлдыққа жеккендердің жазаға тартылғанын қалайды. Ал олардың түр-түсін де, әлгі ауылға барар жолды да білемін деп отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде