{metadescription}
Алапат тасқыннан соң Атбасар тұрғындары енді ес жия бастады
Алапат тасқыннан соң Атбасар тұрғындары енді ес жия бастады

Алапат тасқыннан соң Атбасар тұрғындары енді ес жия бастады

Осы Үкімет отырысында сөз болған Ақмола облысындағы жағдай ушығып барады. Әсіресе, бөгеті жарылған Атбасар қаласындағы  жүздеген үй топан судың астында қалып, тұрғындар бала-шағасымен әлі босып жүр. Тұтас шаһардың тіршілігі тұралап, облыс орталығы Көкшетаумен байланыстыратын жол жабылып, мектептерде  сабақ тоқтаған. Ал ашынған халық плотинаның су арынына шыдамай жарылуын шенеуніктердің салғырттығынан көріп отыр.

-Атбасарды су алғаш рет басып отырған жоқ. Осыдан үш жыл бұрын да Жабай өзені арнасынан асқан. Сол кезде мына біз тұрған бөгет салынды. Бөгет деген атауы болмаса, бұл ешқандай бетон емес, құр қара жердің үйіндісі. Ал биыл жаңа қарқынмен келген қар суы сол қара жермен бірге, қазынаның қыруар қаржысын шайып кетті.

Бөгетке жұмсалған 200 миллион теңгемен қоса, жұрттың 300-ге тарта  жуық баспанасын су шайған. Шарасыздан шер тарқатқандарың арасында үйлерін  осымен төртінші рет су басқандары да бар. Солардың бірі Гүлнар Бектібаева.  Соңғы тасқын кезінде мемлекеттің өтемақысы жөндеуге жетпей, несие алыпты. Сол қарыздан құтылмай жатып, қар суы биыл қайта келді. Өзен жағасында тұратын келіншек қорған бола алмаған бөгеттің сапасыз салынғанын қапалы.

Гүлнар Бектібаева, Атбасар қаласының тұрғыны:

-Бір жыл салды дамбаны. Бір жерден ойып ойып тығындап, қалған жерлеріне жетпеген тракторлар апарып қоя салады. Опырылып қалған жерге басқа жерден апарып қояды. Мен өзім сол жерде тұрамын көрдім қалай істегенін.

Ақша мен судың сұрауын білетін әкімді іздеп, қала кездік. Ақыры таптық. Халқы белден су кешіп, сазға батқанда, әкім былғары бәтеңкесі жылтырап алдымыздан шықты. Әкімін көптен көрмеген халық мұңын айтып, тіпті ауыз ашып ақталуға мүмкіндік берер емес.Аудан әкімінің уәжі жауын шашын көп болды деуден аспады. Астанадағы шенеуніктер Атбасарда бөгет шыдамай жарылды деп мәлімдеп жатқанда, жергілікті әкім бөгет емес, үйінді деп айды аспаннан шығарды.

Андрей Никишов, Атбасар ауданының әкімі:

-Жобалық құжаттар бойынша ол бөгет емес, жер үйіндісінен жасалған қорған ғана. Оны бастырып, бекітіп қойдық. Ол жерде бетон, темір қолдану тіпті жоспарда болған жоқ.

Елорда 200  миллион жұмсадық десе, ауданда 63 миллион дейді. Жүздеген миллион ақша екіарада қайда кетті? Жауаптан сұрақ көп. Басты сұрақ халықтың ендігі жағдайы не болмақ? Оған да аудан әкімінің жауабы жоқ. Комиссия керек, қарау керек дейді. Ал тасқыннан әбден мезі болған халық, төрт рет су шайып, жылуы кеткен баспасына қайтқысы келмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.