{metadescription}
 Сағынтаев су тасқыны жайлы: "Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды"
 Сағынтаев су тасқыны жайлы: "Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды"

Сағынтаев су тасқыны жайлы: "Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды"

Жыл сайын тасқын кезінде айтылатын жауыр әңгімелерден шаршаған премьер-министр бүгін әкімдерді осылай ұялтты. Бәрін табиғатқа жабатын атқамінерлерді сынаған Бақытжан Сағынтаев дер кезінде әзірленгенде, апаттың алдын алуға болар еді деп күйінді. Төтенше жағдайға жауапты Ішкі Істер министрі тіпті, топан судың астында қалған өңірлерге ат ізін салмай-ақ Астанада отырып баға берді. Шенеуніктердің осындай жайбасарлығының кесірін қазір Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары тартып жатыр.

Еліміздің бірнеше аймағын астан-кестең еткен топан су әкімдердің шыныменде немен айналысқанын әшкерелеп берді. Өйткені, Үкіметте көктемгі тасқынға дайындық ақпан айынан бері айтылып келеді. Сол кезде облыс әкімдері 100 пайызға әзірміз деп жамыраған. Бірақ биік мінберден айтылған уәделері құр сөз болып шықты.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

-"Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды" деп айтады ғой. Сол баяғы жартас, бір жартас. Қатаң бақылауда ұстап отырмыз деп қанша айтамыз. Бірақ, келеңсіз жағдайлар болып  жатыр. Табиғи апат айтып келмейді. Дегенмен соған қарсы іс-шараларымыз дайын болуы керек. 

Яғни, қыс бойы қалың қарды сыртқа тасып, өзендердің деңгейін бақылап, бетіндегі мұзды жаруы керек болған. Енді дер кезінде жылы кабинеттен шығып, апаттың алдын алмаған соң, зардабы орасан зор. Сағынтаев әсіресе, Ақмола облысының басшылығына ашулы. Өйткені, Атбасардағы топан судың алдын алуға болар еді дейді премьер. Яғни мұнда бөгетті шайып, көпірді қиратқан Жабай өзені мұз тұрып қалған соң тасыған.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

-Өзенді мұз бітеген соң, су арнасынан асатынын білген жоқсыздар ма? Бақылап отырмыз деп айттыңдар ғой. Сол мұзды неге жарып жібермедіңдер. Төтенше жағдайлар комитеті мен әкімдік қайда қарап отыр?

Қазір барлық күш осы Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды мен Қостанай облыстарына жұмылдырылған. Ал еліміздің бас құтқарушысы судың астында қалған өңірлерге барып жағдайды өз көзімен көруге асығып та отырған жоқ. Төтенше жағдайларға жауапты Ішкі Істер министрі Астанадан бәрін бақылап отырғанына сенімді.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Неге тасқын болған аймақтарға бармадыңыз?

-Қазір 3 мың адамды 5 облысқа жібердік. Жамбыл облысынан, Алматыдан, Астанадан үш облыстан жібердік. Қазір үш мың адам бар сол жақта.

Бірақ Қасымовты бәрінен бұрын бас қаланың тағдыры алаңдатып жүрген сияқты. Себебі Астанаға да тасқыннан қауіп төніп тұр. Елорданың іргесіндегі мына су қоймасы қазір жартылай толып кеткен. Бұлай жалғасса, үш күнде қойма шыдас бермей жарылуы әбден мүмкін.

Десе де, қазір судың көлемін азайту үшін оның арнасын Есіл өзеніне бұру көзделіп отыр. Ал, Ішкі істер министрлігі тасқыннан зардап шеккен  аймақтарда ахуал  4-5 күнде тұрақталады деп сендіруде. Кейін келтірілген шығын жаппай есептелмек. Осы орайда премер жұртқа дер кезінде көмек көрсетіп, істі қатаң бақылауда ұстауға пәрмен берді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде