{metadescription}
Елімізде екпе салдыртуға қарсы шыққандарды имамдар райынан қайтарып жатыр
Елімізде екпе салдыртуға қарсы шыққандарды имамдар райынан қайтарып жатыр

Елімізде екпе салдыртуға қарсы шыққандарды имамдар райынан қайтарып жатыр

Елімізде жұқпалы ауруларға қарсы екпеден бас тартатындар көбейген! Әсіресе, ата-аналар жаңа туған баласына вакцина салдыртпайды. Соның кесірінен, ауру тілеп алатындар да бар. Екпе салу науқаны жақындаған тұста дәрігерлер осы жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр.

Былтыр екпеден бас тартып, қызылша, көкжөтел мен А гепатитіне шалдыққандар кездескен. Негізі бізде осындай аурулардың алдын алу үшін жылына бюджеттен 20 миллиард теңге бөлінеді. Оған 8 миллион адам тегін вакцина алуы тиіс. Десе де, кейбір екпе түрлері елімізде мүлдем жоқ. Мәселен, шетелге саяхаттайтын туристерге қажетті сары безгекке қарсы вакцина бірде-бір орталықта салынбайды. Ол үшін жұрт Мәскеуге баруы керек. Ал енді адамдардың тегін екпеден қашуына оның пайдасын дұрыс білмеуі себеп дейді дәрігерлер. Кейбірі діни ұстанымдарын алға тартады екен. Оларды райынан қайтару үшін дәрігерлер үгіт-насихат шарасына имамдарды да шақыртқан.

Ырысәлі Абдулахад, «Әскер ата» мешітінің наиб-имамы:

-Ислам осы адам өмірін қорғауды және адам денсаулығын қорғауға аса мән береді. Жыл сайын қажылық сапарға аттанбас бұрын осы екпе салынады. Бұған да Ислам діні тіпті қарсы келмейді. Мұны да құптайды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.