{metadescription}
Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушының өлі денесі табылды
Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушының өлі денесі табылды

Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушының өлі денесі табылды

Ақтөбеде осыдан бес күн бұрын жоғалып кеткен тоғыз жасар баланың өлі денесі табылды. Төртінші сыныпта оқитын Біржан Ерсайынов ауыл маңындағы сайға жиналған суға батып кеткен. 

Жеткіншекті соңғы рет бірге ойнаған екі оқушы көріпті. Бірақ оның суға құлағанын ересектерден қорқып, ешкімге айтпаған. Тек іздеушілер суыртпақтап жүріп әрең білді. Бес күн бойы ауыл іргесіндегі Жіңішке өзенін құтқарушылар бірнеше мәрте сүзіп шыққанымен, баланың мәйіті табылмады. Тек кеше кешкісін ғана су жиналған сайда өлі дене қалқып шыққан.

Оксана Кичигина, Ақтөбе облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің сарапшысы:

-Баланың денесі өзі ойнап жүріп жоғалған маңнан табылды.  Сайға жиналған суға батып кеткен. Кейін мәйіті қалқып шығып, қамыс арасына тіреліпті. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде