{metadescription}
Оңтүстікте жүздеген оқушы құлағалы тұрған жатақханада білім алуға мәжбүр
Оңтүстікте жүздеген оқушы құлағалы тұрған жатақханада білім алуға мәжбүр

Оңтүстікте жүздеген оқушы құлағалы тұрған жатақханада білім алуға мәжбүр

Оңтүстік Қазақстанда 400-ге жуық оқушы ескі жатақхананың тар бөлмелерінде оқып жатыр. Жылысу ауылындағы бұл нысан кезінде мақташыларға арналып салынған. Тұрғызылғанына жарты ғасыр болған темір бетон мекеменің іші-сыртын түрі келісу үшін ғана қаптап қойыпты. Бірақ атқамінерлер мектептің керек-жарақтары туралы ұмыт қалдырған сыңайлы. Ал бөлмелері тіпті айналуға келмейді.

Бұл – 700-ге жуық шаңырағы бар Жылысу және Жаңаталап ауылдарына қарасты мектептің спорт залы. Қыңырайған едені шұрық-тесік, қабырғалары қақырап, сымдары адырайып тұр. 25 шаршы метр бөлменің ішінде жалғыз үстел теннисі. Оның өзін білім бөлімі емес, мектепті бітірген түлектер әкеп берген.

Нұртілеу Әбілда, оқушы:

-Жауын-шашында сыныпта күртешемен  отырамыз. Пеш жағылмайды.

Жарты ғасыр бұрын тұрғызылған ғимарат әу баста мақташыларға арналған жатақхана болған. 80-ші жылдардың соңында осы маңдағы жұртқа мектеп етіп беріпті. Аядай ғана бөлмелерге әзер сыйып отырған оқушыларға парта-тақта тапшы. Әсіресе, бастауыш сыныптарға обал.

Меруерт Қамбарова, мұғалім:

-Мен балаларға әр күні өткізетін тақырыптарға байланысты әріптерді жазып үйретем. Оған әр балаға қолын ұстатып үйретуге ыңғайсыз. Себебі, әр балаға айналып баруым керек. Жүре алмаймын партамен парта айналып. Мынау сыныптардың ішінің тарлығынан ауасы да лас.

Жергілікті билік жаңа мектеп салуға жердің тар екенін айтады. Себебі, қазіргі тұрған ғимараттың аймағы бар-жоғы бір гектар. Десе де, тағы бір гектар қосып, 300 орындық білім ошағын салуға тырысамыз дейді.

Бекжан Балабеков, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің әдіскері:

-Құрылыс бөліміне сұраныс тастадық. Енді құрылыс бөлімі Құркелес ауылдық округіне келіп, жерін өлшеп, дайындайды. Жоспарға сай 2019-20 жылы нақты салынады..

Білім бөліміндегілер мектептің тым сапасыз екенін әрі керек-жарақпен қамтылмағанын мойындайды. Алайда мұны қаржының аз бөлінуімен түсіндіреді. Жұрт шулаған соң мәселеге шұғыл кіріскен сарыағаштық шенеуніктер жақын маңдағы бірер жылда Жаңаталап ауылына бөлек мектеп, ал ескі жатақхана орнына жаңа білім беру ғимаратын салып бермекші. Сондықтан уәдеге тойған жұрттың билік сөзіне тағы сенуден басқа амалы жоқ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.