{metadescription}
 Депутат Тағымов тасқынды табиғаттан көретін әкімдерге шүйлікті
 Депутат Тағымов тасқынды табиғаттан көретін әкімдерге шүйлікті

Депутат Тағымов тасқынды табиғаттан көретін әкімдерге шүйлікті

Сенаторлар  су тасқынынан келген қыруар шығынды кім өтейтінін сұрап, Сағынтаевқа сауал жолдады. Депутат Марат Тағымов Үкімет басшысынан апат салдарынан баспана, мал-мүлкінен айырылған  адамдарға қандай көмек көрсетілетінін жариялауды талап етті.

Марат Тағымов, Сенат депутаты:

-Неліктен осы күнге дейін құзырлы органдардың жауапты қызметкерлері өзінің кәсіби шеңберінің тарлығын табиғи катаклизмдерімен жасырып келеді? Олардың жауап беретін күні келе ме? Зардап шеккен тұрғындардың көптеген миллион шығынын кім өтейді? Ел аман, жұрт тынышта бұндай жағдайға жергілікті биліктегі азаматтар қалай жол берген?

Яғни, депутат жылда қайталанатын апатқа жауаптылар жазалансын деп отыр. Өйткені, әкімдер мен министрлер қыста Парламентке келіп, су тасқынының алдын алуға деп бюджеттен миллиардттар бөлдіреді. Алайда, күн жылыса болды, аймақтарды бәрібір су басады. Қазір Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 33 елді мекенде  мыңнан астам үй су астында қалған. 8 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліпті. Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облысында жүздеген оқушы  мектепке бара алмай отыр. 18 білім ордасы жұмысын тоқтатқан. Бірінде топан су білім ошағына кірсе, енді бірінде жолдың бұзылуынан қатынас жоқ.

Ержан Ерсайынов, ҚР БҒМ Балалардың  құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

-Атбасар қаласында №1 мектеп судың астында қалып отыр. Мектептің ішіне су кірген. Бұл жұмыс тәртібінде шешілу керек. Оларды оқу бағдарламадан қалдырмау қажет. Су тасқынына байланысты бұзылған оқулықтар жаңа оқулықтармен қамтамасыз етіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.