{metadescription}
Бір топ қазақстандық жас шахматшылар Румыния жолында қар құрсауынан құтқарылды
25 отандасымыз мінген автобус Молдовадан Румынияға жете алмай ақтүтек боранда қалып қойған. Ас-суымыз таусылуға жақын деп еліміздің Сыртқы Істер министрлігінен көмек сұраған отандастарымызға Румыниядағы Қазақстан елшілігі мен жергілікті құтқарушылар көмекке келді. Тіпті жол бойындағы жанармай құю бекеті азаматтарымызға тегін тамақ берген. Ал 3 сағаттан астам жолда кептетіліп қалған жерлестеріміз қазір қауіпсіз жерге жеткізіліп, жарысқа алаңсыз дайындалып жатыр.
Автор: Азамат Алдоңғаров
21.04.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары