{metadescription}
 Алматы метросында бомба бар деп елді дүрліктірген жеткіншектің ата-анасына ірі айыппұл салынуы мүмкін
 Алматы метросында бомба бар деп елді дүрліктірген жеткіншектің ата-анасына ірі айыппұл салынуы мүмкін

Алматы метросында бомба бар деп елді дүрліктірген жеткіншектің ата-анасына ірі айыппұл салынуы мүмкін

Алматы метросында бомба бар деп елді дүрліктірген жеткіншек миллиондап айыппұл төлеуі мүмкін. Өйткені жалған ақпар бойынша бір нысанды тексеруге кететін шығын ең кемі 500 мың теңге. Ал кеше кешкісін қаладағы 9 бірдей бекет түгел тексерілген.

Кеше кешкісін 112 нөміріне суыт хабар түскен болатын. Полицейлер дереу қауіпсіздік үшін метродағы бүкіл жолаушыларды сыртқа шығарған. 9 бекетті 4 сағатқа жуық тексерген мамандар қауіпті ештеңе таппапты. Ал қылжақбастың өзін бір сағатқа жеткізбей анықтаған. Ол Алматы облысы Сарқанд ауданының 9 жастағы тумасы. Қазір осыған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Негізі мұндай жалған ақпарат үшін 6 жыл жаза кесіледі. Ал қоңырау шалған бала әлі кәмелетке толмаған. Енді оның мәселесін сот шешуі тиіс.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

-Қылмыстық әрекеттерді тексеру барысында суыт хабарды мемлекет тарапынан тексеруге жұмсалған қаржы-қаражатты, шығын мөлшерін өтеу сот арқылы көзделуі мүмкін. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде