{metadescription}
Қарағанды облысының әкімі су астында қалған тұрғындарға сәл шыдай тұруға кеңес берді
Қарағанды облысының әкімі су астында қалған тұрғындарға сәл шыдай тұруға кеңес берді

Қарағанды облысының әкімі су астында қалған тұрғындарға сәл шыдай тұруға кеңес берді

Қарағанды облысында тасқын жүру қаупі толық сейілді. Дегенмен, бірнеше ауылда кетпей тұрған судың кесірінен 200-ден аса тұрғын әлі жаттың босағасында жүр. Ал жүзден аса үйіне су кірген Чкалов және Садовое ауылдарының тұрғындары баспаналарына оралып жатыр.  

Тасқыннан ең көп зардап шеккен осы екі елді-мекенге шенеуніктер арнайы бас сұқты. Су кірген үйлердің жағдайын көріп, елдің арызын тыңдады. Әкім-қаралар шығын толығымен өтеледі деп сендірді. Ал тұрғындарды араға жыл салып қайта келген тасқын тағы есеңгіреткен. Тіпті бірінші тасқыннан соң  салынған жаңа үйлер де зақым келіпті. Сондықтан жұрт апаттан келген шығынды жыл сайын жапқанша, ауылға су келмейтіндей қарекет жасалсын деп отыр. Облыс әкімі Ерлан Қошанов, бұрын есепке алынбаған бұл  жұмыспен енді өзі айналысатындығын мәлімдеді.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

- Жаңа қызметке келіп жатырмын, 1 ақ ай болды. Сіздер шыдаңыздар бір шешімін табамыз

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 желтоқсан

01 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде