{metadescription}
Елімізде тағы бір банкке тықыр таянды
Елімізде тағы бір банкке тықыр таянды

Елімізде тағы бір банкке тықыр таянды

Дельта банкке тағы тықыр таяды. Бұл жолы Қазақстан қор биржасы оны өз міндеттерін уақытылы орындамағаны үшін қор нарығынан шығарып тастады. Яғни банк келісілген күні қаржысын төлей алмаған. Бірақ бұл қаржы ұйымындағы жағдай мүшкіл деген сөз емес дейді биржадағылар. 

Наталья Хорошевская, «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

-Биржа нарығында өз міндеттемелерін орындай алмауы ол банктің жағдайы нашарлады деген сөз емес. Оған техникалық немесе басқа да оқыс жағдайлар әсер етуі мүмкін. Әзірге банк қор нарығынан уақытша шеттетілді.

Дельта банк былтыр күзде де Казинвестбанкпен бірге уақытша лицензиясынан айырылған болатын. Казинвсетбанк сол тығырықтан шыға алмай ақыры жабылып тынды. Ал Дельта банк желтоқсан айында қызметін қайта жалғастыруға Ұлттық банктен рұқсат алған. Арада жарты жыл өтпей жатып енді қор нарығынан шығарылып отыр. Дегенмен, сарапшылар банк салымшылары үшін қауіп тудырарлық ештеңе жоқ дейді. Өйткені қаржы институты лицензиясынан айрылғанның өзінде елімізде депозиттерді сақтандыру қоры бар.

Айдос Тайбекұлы, экономикалық сарапшы:

-Банк салымшыларының басым бөлігі – бизнесмендер. Сондықтан бұл жағдайға кәсіпкерлер ғана алаңдауы тиіс. Ал жеке салымшылар үшін аса бір қауіп төніп тұрған жоқ. Өйткені Дельта банк – депозиттерді сақтандыру қорының қатысушысы. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.