{metadescription}
Оралда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының тағы бір басшысы сотталды
Оралда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының тағы бір басшысы сотталды

Оралда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының тағы бір басшысы сотталды

Осы қызметте небәрі 4 ай ғана отырған Тимур Шаяхметов бір жарым миллион теңге пара алды деп айыпталған болатын. Алайда сот оған өзіне пайда келтіру мақсатында қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды.

Аталған басқарманың мұның алдындағы басшысы Мүсілім Оңдағанов та бюджеттің 170 миллион теңгесін жымқырғаны үшін 12 жылға қамалған болатын. Ал 37 жастағы Тимур Шаяхметов Оралдағы спорт мектептерінің жаттықтырушыларынан жүйелі түрде ақша алып отырыпты. Жаттықтырушылар іссапарға берілетін қаржының 40 пайызын жаңа басшыға төлеп келген. Енді Шаяхметовтің осы қылмысы дәлелденіп, ол 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қоса, дүние-мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметке алынбауы тиіс. Айта кетейік, Шаяхметов келтірген шығынның бәрін өтеп, өз кінәсін мойындап, прокурорлармен келісімге келмек болған екен. Бірақ онысынан түк шықпапты.

Варвара Дмитриенко, судья:

-Сот қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес, сотталушының шағымын қанағаттандыру үшін арнайы уақыт берді. Бірақ, прокуратура мен сотталушы жаза мерзіміне қатысты өзара келісімге келе алмады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде