{metadescription}
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өтемақы төлей бастады
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өтемақы төлей бастады

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өтемақы төлей бастады

«Тұрғын үйқұрылыс жинақ банкі» өз салымшыларына 20 миллиард теңгеден астам өтемақы төледі. Бұл қаражат 2015 жылғы девальвация салдарынан зардап шеккен 285 мыңға жуық депозит иесіне беріліп отыр.

Осылайша банк екі траншпен былтырдан бері барлығы 50 миллиард теңге көлемінде өтемақы үлестірген. Бұл қаржының жартысынан көбін мемлекет бөлсе, қалғаны банктің өз ақшасынан төленіпті. Өтемақы көлемі депозиттегі қаржының 35 пайызына тең. Бірақ оны салымшылар 3 жылға дейін шеше алмайды. Яғни депозит мерзімі 36 айға толмаса өтемақыны пайдалануға тыйым салынған.  

Жанар Жұбаниязова, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрайымының орынбасары:

-Басында 467 мың адам компенсацияны аламыз деп ниет білдірген. Бірақ өзінің сомасы аз деп ойлаған шығар, 150 мыңдай азамат ол туралы ешқандай арыз жазбады. Барлығы 316 мың адам бірінші транш бойынша алды өткен жылы. Сол адамдардың біразы кредит алды. 284 мың адам қазір екінші траншпен компенсациясын алды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде