{metadescription}
Теңге қайта құлдырап, АҚШ ақшасы қымбаттап жатыр
Теңге қайта құлдырап, АҚШ ақшасы қымбаттап жатыр

Теңге қайта құлдырап, АҚШ ақшасы қымбаттап жатыр

Мамыр ұлттық валютамыз үшін мамыражай басталмады! Өйткені, теңге қайта құлдырап барады. Бүгін қор биржасындағы доллардың бағамы 315 теңге болды. Сөйтіп, төл ақшамыз өткен аптамен салыстырғанда біршама әлсіреп отыр. Сарапшылар тіпті теңгенің жақын арада нығаймайтынын айтады.

Жыл басталғалы теңге жиі нығайып, жұртты қуантып тастаған еді. Тіпті төл валютамыздың долларға қатысты бағамы 311-ге дейін жеткен. Бірақ нарықтағы бұл жағдай көпке созыла қоймады. Мамандар теңгенің нығаюы уақытша құбылыс екенін о баста біліпті.

Айдос Тайбекұлы, экономист:

-Жыл басындағы теңгенің нығаюына «салық аптасы» әсер етті. Өйткені сол уақытта көптеген компаниялар салық төледі. Әрі олар төлемді теңгемен жасады. Нәтижесінде төл валютамызға сұраныс артып, оның аздаған өсіміне әкелген.

Ал қазір теңгенің нығаюына әсер ететін «салық аптасы» жоқ. Сондықтан ол күн санап құлдырауда. Дәл қазір доллар ақша айырбастау орындарында 315-тен сатылуда. Сарапшылар бұл жағдайды бірінші кезекте мұнай құнымен байланыстырады. Ал қара алтын нарығындағы жағдайдың қазір мәз еместігі белгілі. Дегенмен, жақын күндері Brent бағасының өсімі байқалуы мүмкін. 

Валерий Полховский, сарапшы (Беларусь):

-Мұнай бағасы осы 50 доллардың көлемінде қалады деп ойламаймын. Өйткені, ОПЕК елдері мұнай өндірісін азайту туралы келісімді ұзарту мәселесін қарамақ. Әрі қазір АҚШ-та демалыс маусымы. Осы уақытта мұнай өңдеу зауыттары тарапынан сұраныс артады. Сондықтан, алдағы 1 ай ішінде қара алтын 55-60 долларға дейін қымбаттауы мүмкін.

Ал, мұнай қымбаттаса, теңге құны да өседі. Мамандар төл валютамыздың бағамы әзірге долларға қатысты 310-320 аралығында құбылады деп отыр. Теңгенің нығаюы үшін мұнай бағасы барреліне 60-тан асуы керек екен. Бірақ қара алтынның мұндай бағаға жақын арада жетуі екіталай. Сондай-ақ, теңге бағамы Ресейдегі инфляция деңгейіне де тікелей байланысты.

Франциядағы Президент сайлауы да теңгеге әсер етпей қоймайды. Әрі бұл саяси додада Марин Ле Пеннің жеңіске жетуі біз үшін тиімді болады дейді сарапшылар. Өйткені, ондай жағдайда еуро құны күрт төмендеп, тіпті доллардан да арзандап кетуі мүмкін. Сөйтіп, алтынның бағасы қымбаттайды. Ал бұл жағдай біздің ақшаға оң әсер етуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.