{metadescription}
Өскеменде екі қызды зорлап, кейін  азаптап өлтірген педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Өскеменде екі қызды зорлап, кейін  азаптап өлтірген педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Өскеменде екі қызды зорлап, кейін азаптап өлтірген педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Зырян қаласының тұрғыны Олег Яицконың 8 жасар Виктория Тойкенова мен 17 жастағы Ксения Сидоринаға ажал құштырғаны дәлелденген. Сондықтан судья 25 жастағы жігітке ең ауыр жаза кесті.

Бүкіл облысты дүрліктірген бұл оқиға былтыр болған еді. 8 жастағы Виктория сабақтан кейін үйіне оралмаған. Қаршадай қыздың денесі бір тәуліктен кейін иесіз үйдің жертөлесінен табылды. Ал оны өлтірген адамды анықтауға мына кадрлар септігін тигізген. Бейнетіркеуішке түсіп қалған ер адам оқушының мектепке ұстайтын сөмкесін асынып, жол жиегімен кетіп барады. Кейін оның екі ай бұрын із-түссіз жоғалған Ксения Сидорина есімді қызды зорлап, өлтіріп қана қоймай, тонап кеткені де анықталды. Ішкілікке салынған қаскөй енді мәжбүрлі түрде емделіп қана қоймай, қалған өмірін темір торда өткізуі тиіс.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде