{metadescription}
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауылы мектебінде әлімжеттік өршіп тұр
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауылы мектебінде әлімжеттік өршіп тұр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауылы мектебінде әлімжеттік өршіп тұр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Байырқұм ауылы мектебінде әлімжеттік өршіп тұр. Мұнда тіпті соққыдан қаза тапқан, мүгедек болып қалғандар да бар. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде. Әйтсе де, былтырғы түлектер істеп жүрген бұл сорақылықты тоқтатуға мұғалімдер де, полиция да қауқарсыз.

9 бен 11-ші сынып аралығындағы бұл оқушылар тепкіні көріп те, өздері ұрып та үйренген. Өйткені Байырқұм ауылдық мектебіндегі тәртіп сондай. Оқушылар үлкен жігіттердің жұмысын істеп, ақша жинап беруі тиіс. Тіпті ай сайын таяқ жеп тұруға міндетті.

Олжас Мұғалыш, 11 сынып оқушысы:

-Барлығы таяқ жеу керек. Бір-бірі үшін тұру керек. Бір-біріңе бауырсыңдар ма, сол үшін тұрасыңдар деп бұйрық береді. Амалсыз таяқ жейсің.  Кетіп қалсаң балаларды қинайды.

Әлімжеттіктің көкесін, әсіресе, былтыр мектеп бітіріп кеткен түлектер көрсетіп жүр екен. Қит етсе тепкінің астына алатын олар, оқушылардың бірінің иығын сындырса, бірінің бүйрек-бауырын езген. Тіпті сәуір айында 10-шы сынып оқушысы Сұлтан Ералханды 8 жігіт ұрып өлтірген.

-Көкірек төстен ұрды. Демала алмай қаласың.  

Сұлтан қаза тапқан соң абдыраған 8 жігіт адам өлімін мойнына алуға оқушыларды мәжбүрлеген көрінеді. Сержан есімді 11-ші сыныптың оқушысы қазір осы іс бойынша айыпталып, тергеу қапасында жатыр. Полиция да әзірге бір адам қамалғанымен, олардың саны сараптамадан соң өсуі мүмкін дейді.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз хатшысы:

-Осы төбелеске қатысқан басқа да сынып оқушыларына қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалған. Солардың сот-медициналық сараптама қортындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады.

Байырқұмдағы әлімжеттіктен көз жұмғандардың басы бұл емес. Осыдан 7 жыл бұрын да 10-сынып оқушысы үлкен сыныптардың тепкісінен өліп кеткен. Ол кезде де тергеу нәтижесіне ата-аналардың көңілі толмаған екен. Тура сол сценарий қайталанбас үшін енді байырқұмдықтар облыс пен Астанаға шағым жазып, тергеу мен білім бөлімін тексеруді талап етеміз деп отыр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.