{metadescription}
Алматы облысында өгей ұлын өлтірді деп шатылып жатқан әйел түрмеден құтылуы мүмкін
Алматы облысында өгей ұлын өлтірді деп шатылып жатқан әйел түрмеден құтылуы мүмкін

Алматы облысында өгей ұлын өлтірді деп шатылып жатқан әйел түрмеден құтылуы мүмкін

Алматы облысында күйеуі мен енесінен өш алу үшін, өгей ұлын өлтіртті деп сотталып жатқан әйел жазадан сытылып кетуі мүмкін. Өйткені, айыпталушы Шәрипа Ақбердиеваның адвокаты оның ақыл-есі ауысқан деп мәлімдеді. Сондықтан, сараптаманы қайтадан жасауды сұрап отыр. Алайда марқұм Өркен Азаматұлының туыстары өгей анасының өтірік ауру бола қалғанын айтады.

Айжан Қыдырмолданова, Өркен Азаматұлының анасы:

-Ол шебер актер. Істеген қылмысының бәрін балаларына аударып салғысы келіп отыр. Ал адвокаты оны емдеу мекемесіне жіберткізіп, жазадан құтылғысы келеді. Есі дұрыс, оны сараптама дәлелдеп берген.

Сот отырысында Шәрипа Ақбердиева есінде түк қалмағанын, ал жеткіншектің өлімі туралы ештеңе білмейтінін айтты. Сондықтан бала өліміне қатысты тағылған айыппен келіспейді. Дегенмен, Ақбердиеваның сөзіне ешкім сенбейтін сыңайлы. Өйткені, әр отырыс сайын неше түрлі оқиғаны құрастырып соға береді екен. Айта кетейік, жантүршігерлік қылмысқа бес адам – Өркен Азаматұлының өгей анасы, оның Темір және Айдана есімді балалары, Қадыржан Гулямов деген тағы бір туысы мен такси қызметін атқарған Өркеннің әкесінің танысы Руслан Мүталиев айыпталып отыр. Ал оқиға 19-шы қаңтарда болған. 11 жасар Өркен Азаматұлы сол күні жоғалып кетіп, екі тәуліктен кейін Алматының іргесіндегі саяжайлардың бірінен табылған еді. Тергеу мәліметтеріне сай, Өркенді қаскөйлер алдымен бірнеше жерден пышақтап, артынша буындырып өлтірген. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде