{metadescription}
Петропавлда кезінде ерлік жасаған қыз түрмеден бір-ақ шықты
Петропавлда кезінде ерлік жасаған қыз түрмеден бір-ақ шықты

Петропавлда кезінде ерлік жасаған қыз түрмеден бір-ақ шықты

Бір адамды өлтіріп, бір адамға өмір сыйлаған! Петропавлда осыдан 4 жыл бұрын суға ағып бара жатқан ер адамды құтқарған бойжеткен 7 жылға сотталды. Сол ерлігі үшін кезінде, тіпті, медаль алған ол, осы оқиғадан бір жыл бұрын көршісін өлтірген екен. Алайда бұл қылмысын тек былтыр мойындап, тәртіп сақшыларына өзі келген.

Мына кадрларды біздің тілшілер осыдан 4 жыл бұрын түсірген. 25 жастағы Ксения Шестоперова суға кетіп бара жатқан ауылдасын қалай құтқарғанын айтып беріп жатыр. Алайда сол оқиғадан тура бір жыл бұрын ол әкесімен қосылып арақ ішкен маскүнем көршісін пышақтап өлтірген екен. Мүрдені қораның артына көміп тастап, жылдар бойы ешкімге тіс жармаған. Тек былтыр ар азабын тартқан қыз тәртіп сақшыларына өзі келіп, болған жайды айтыпты. Бұған оның жазылмас дертке шалдыққаны да себеп болуы мүмкін дейді судья.

Сергей Викторенко, СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

-Сот отырыстары барысында оның сол қылмысы үшін қатты өкінгені көрініп тұрды. Оның үстіне  адам құтақару екінің бірінің қолынан келе бермейді ғой. Сондықтан мен айып тағылған бап бойынша ең жеңіл жаза қолдандым. Соның өзі жеті жыл. Қазір қатерлі ісік ауруына шалдығуына байланысты бостандыққа шығуы да мүмкін.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде