Астаналық жезөкшелердің көбісі тері ауруына шалдыққан
Бір сәттік ләззат айықпас дертке шалдықтыруы мүмкін. Астанада СПИД орталығына тексерілген жезөкшелердің 80 пайызының жұқпалы ауру таратып жүргені анықталды.
Автор: Досжан Маратұлы
19.05.2017
Інжу Аймағамбетова, СПИД алдын алу және оған қарсы күрес орталығы бөлімінің меңгерушісі:
-Небары 4 айдың ішінде мыңнан астам кыз-келіншек тексеруден өтті. Қайта біреуінен ғана ВИЧ ауруы шықты. Қалғандардың басым бөлігінде түрлі инфекциялық, венерологиялық жұқпалы аурулар табылды.
Сондықтан полицейлер жезөкшелерді медициналық тексеруден өткізу үшін ЭКСПО қарсаңында арнайы рейд өткізіп, жеңіл жүрісті қыздардың бір тобын бөлімге әкелді. Нәпсіқұмар жігіттерге енді ойланбаса болмайды. Өйткені түнгі көбелектердің қызығын қуалаған дені сау азаматтар да дертке душар болуы мүмкін. Өйткені елімізде жезөкшелікті шектейтін заң жоқ. Тәнін саудалағандар қолға түссе, тіркеуге алынып, кейін үйреншікті жұмысына қайта кіріседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!