{metadescription}
Ақмола облысында қариялар құрметті азамат атағы үшін қырқысып жатыр
Ақмола облысында қариялар құрметті азамат атағы үшін қырқысып жатыр

Ақмола облысында қариялар құрметті азамат атағы үшін қырқысып жатыр

Зерендідегі жаңа аллеяда осы атаққа ие болған ақсақалдардың суреттері ілінгелі өзге ардагерлерден тыныш кеткен. Өйткені, кезіндегі үзеңгілестерінің көбін олар мұндай құрметке лайықсыз санайды. Тіпті тақтадағы суреттерді алып тастауды талап етіп, әкімдікке арызды қарша боратып жатыр

Бұл кеңес кезінде талай биліктің тұтқасын ұстаған, қызметтес болған қариялар. Бір-бірінің елге еңбегі қалай сіңгенін жақсы біледі. Сондықтан, құрмет тақтасын тізген кезде өздерімен ақылдаспаған әкімдікке өкпелі.

Сапура Махметова, Зеренді ауылының тұрғыны:

-Халықтан сұраған жоқ. Халық білмейді оны. Мен Қабдешевке қарсымын! Еңбегі жоқ оның. Моншаны,бақшаны сатып алған.

Мұхит Қабдешев, Зеренді ауданының Құрметті азаматы:

-Өкінішке қарай, мен бір де бір мемлекеттік ғимаратты жекешелендірген жоқпын. Моншаны да, балабақшаны да алмадым. Моншаны мен емес, әйелім жекешелендірген.

Кезінде лауазымды қызмет атқарған адамдардың бірі - 84 жастағы Олжабай Нұрғалиев. Бірақ оны «Құрметті азаматтардың» қатарынан көріп қалған басқа замандастары енді тақтадан алынсын деп арызданып жатыр. «Ауызы арақтан кепкен емес» деп кінәлапты оны басқа ауылдастары.

Олжабай Нұрғалиев, Зеренді ауданының Құрметті азаматы:

-Мені арақ ішті депті.20 жылдан бері аузыма арақ құйып көргем жоқ. Парторг боп жүргенде енді арақты іштік. Арақты ол кезде Кеңестік дәуірде бұзау да ішті.

Ал ақсақалдарға атақ үлестіретін комиссия өкілдерінің өз уәждері бар. Сұранып жүріп, «Құрметті азамат» атану мүмкін емес дейді олар.

Әлия Таласбаева, комиссия мүшесі:

-Жұмыс комиссиясында қаралады. Халық алдында жарияланған болатын. Бір адам қарсы шықты деп көргем де, естігем де жоқ.

Сондықтан, құрметті деп танылғандар бейәдет қылық көрсетсе ғана, онда да атақ сот арқылы тартып алынады екен. Ал, әзірге ондай дәйек келтіріп, сотқа ешкім арызданбапты.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.