{metadescription}
Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс елімізде  ет қымбаттап кетті
Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс елімізде  ет қымбаттап кетті

Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс елімізде ет қымбаттап кетті

Еттің көтерме сауда құны келісіне кем дегенде 200 теңгеге өскен. Қазақстанның табиғи таза еті шетелде сұранысқа ие болғандықтан, отандық өнімнің біраз бөлігі экспортқа да кетіп жатыр. Салдарынан өз қазанымызға салар ет кеміп, баға өскен. Алайда Ауыл шаруашылығы министрлігі оны реттеуге құлықты емес. Тіпті, бағаның өскеніне қуану керек дейді. Неге? Себебін Азамат Алдоңғаров біліп көрді.

Қарағандыда қой еті тапшы. Оның құны келісіне1200 теңгеден бірден мың теңгеге қымбаттап 2200-ге жеткен. Базардан бүгін оны іздеп те  таппайсың. Жылқы еті 2 мыңнан сатылып жатыр. Ал алдағы оразада жал-жая жеймін десең, келісіне 2500 теңге төлеуге дайын болыңыз.

Василий Дашкин, ет дүкенінің иесі:

-Жылқы еті мен қой еті айтарлықтай қымбаттады. Әсіресе, қой еті шарықтап кетті. Қазір оны тіпті дүкендерден таппайсың. Менің естуімше, саудагерлер етті шаруалардан тікелей алып Қытай, Иранға жөнелтіп жатқан көрінеді.

Ал ақтаулық саудагерлер еттің өз бағасына үстінен жүз-ақ теңге қосқанымен саудасы жүрмей отыр. Өйткені, қымбатшылықтан еттен бас тартқандар көп.

Тамара Болендер, зейнеткер:

-Ет қымбат. Сатып алатын шамам жоқ.  Дәріге  ақша жетпей жүргенде еттен бас тарттым.

Ет саудагерлері естіген ел арасындағы әңгімені Ауыл шаруашылығы министрлігі растады. Қазір біздің өнімге Израиль, Қытай және Парсы шығанағы мемлекеттері қызығып отыр. Оларға әсіресе қазақ қойының еті жақса керек. 

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:  

-Шаруаларға бұл бағамен өнім шығару тиімді. Ет бағасын қолдан ұстап тұру бірнеше факторларға кері әсер етеді. Сондықтан біз еттің қымбаттағанына қуанамыз. Өйткені шаруалардың табысы артады.

Вице-министрдің сөзінше, ет экспорты артқан сайын, ішкі нарықтағы баға да өсе бермек. Оған бірден бір себеп - Қазақстанның аусылдан таза аймақ мәртебесін алуы. Осылайша өзгеге етімізді мойындатып, сауданы қыздырып алып, өзіміз етке жарымауымыз ықтимал. Бір сөзбен тіске кірген ет, енді ақшаң болмаса түске ғана кіреді.

Негізгі азығы ет саналатын қазақ үшін отыз күн оразада ұлттық асы табылмаса қиын болғалы тұр. Қыстан шыққан малдың көктемде қоң алып үлгермегенін де ескерсек, тәуір ет қанша қымбат болса да амалсыз аласың, не арзанның сорпасы татысын-татымасын әлеуметтік дүкендерден бұйырғанын жеуге тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде