{metadescription}
Назарбаев адамды соттап тынғанша асығатын мекемелерді сынға алды
Назарбаев адамды соттап тынғанша асығатын мекемелерді сынға алды

Назарбаев адамды соттап тынғанша асығатын мекемелерді сынға алды

Ұсталғанның бәрі ұры емес! Нұрсұлтан Назарбаев қолдарына түскен адамды соттап тынғанша асығатын құзырлы органдарды сынға алды.  Бүгін Ақордада Жоғары сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдаған Елбасы  тергелген істерден шикілік анықталса, шетінен кері қайтаруға пәрмен берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Полицияның, қауіпсіздік комитетінің, қаржы полициясының тапқан мәселелері көбінесе солардың айтқан сөзімен, солардың айыптауымен өтіп кете береді. Барлығының істегені дұрыс болып шықпайды ғой. Олардың қателігін түзейтін, олардікі дұрыс емес деп қайтаратындай болу керек.  Бізде сотқа жетпесе, ол жұмыстың орындалмағаны болып айыпталады. Ондай емес қой?

Яғни, елімізде сот әлі де әділетсіз шешім шығарады. Заң толық үстемдік жүргізіп отырған жоқ деді Елбасы. Ал әрбір қылмыстық істің артында  адамның тағдыры тұрғанын ескерсек, қаншама азамат шындықты дәлелдей алмай шырылдап жүр. Президент жергілікті полицейлердің жұмысына да көңілі толмайтынын айтты. Оның үстіне, салық төңірегіндегі тексерулер,   кәсіпкерлерді жөн-жосықсыз мазалау да тыйылмай тұр. Сондықтан Елбасы Жоғарғы сот төрағасына батылырақ қимылдауға кеңес берді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.