2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Алматы облысында жайылымсыз қалған бірнеше ауылдың жұрты шу шығарды
Алматы облысында жайылымсыз қалған бірнеше ауылдың жұрты шу шығарды

Алматы облысында жайылымсыз қалған бірнеше ауылдың жұрты шу шығарды

Күні - қорадағы төрт түлігіне қараған Қарасай ауданының тұрғындары малын жаятын өрістен айырылып қалған. Сол 40 гектар алқапты сатып алған кәсіпкер, жерін айналдыра терең ор қазып тастаған екен. Енді соған малдары құлап мертіге бастаған. Негізі жер ортақ пай үлесіміз еді дейді тұрғындар. Бірақ жергілікті билік жайылымды ешкімнен сұрамай-ақ сатып жіберген.

Қарасай ауданына қарайтын Елтай мен Береке ауылының тұрғындары төрт түлікпен жан бағып отыр. Сол малын жайып отырған жер жекенің қолына өткелі ешқайсында маза жоқ. 40 гектар алқапты алған кәсіпкер биыл оны айналдыра қазып тастаған.

Андаш Қаражанов, Береке ауылының тұрғыны:

-2-3 күн болды. Кеше тоқтатып қойды деген, бүгін қайта қазып жатыр. Содан жиналып келіп, қазір тоқтатып тұрмыз.

Аауылдықтардың ашуланатыны бір бұл емес. Елді-мекен шетіндегі қорымға жалғасып жатқан жайылымды алған азамат моланың қасынан жер қалдырмаған. Тіпті бейітке барар жолды да қазып тастапты. Ақсақалдардың бірі бұған қатысы жоқ деп, ауыл әкімінің сөзін сөйлегені сол еді, өзі ұрыс естіп тынды. Бітпейтін даудан жердің жаңа иесі де шаршадым деп отыр. Былтыр картоп егемін деген кәсіпкер, тұрғындармен келісе алмай ісі аяқсыз қалыпты. Енді сол дау биыл да бітетін емес.

Данияр Жұмабеков, кәсіпкер:

-Біреудің шарбағына кіріп тұрған жоқпыз ғой. Бұның барлығын қоршау мүмкін емес. Адыр жер, сай бар. Таза өзімізге керектісі ғана алынады. Ал былай қоршап, күзетші қоятын жоспар жоқ.

Ал жұрттың сойылын соғып жүрміз деген жергілікті әкімдік өз аумағындағы жердің жеке қолға өткенінен мүлдем хабарсыз. Айтуларынша, шешім ауданнан шығарылып, оларға ескертуді ұмытқан-мыс.

Бекжан Әбжан, Елтай ауылдық аумағы әкімінің орынбасары:

-Территория бойынша бізге қарайды, бірақ біз оған шешім шығармаймыз. Қазір жабайық, дұрыс айтасыз. Қазуды да тоқтатайық.

Атқамінерлер мәселені ушықтырғысы келмеді ме екі күн бойы қазылған терең орды екі ауыз сөзімен көміп тастады. Берекеліктер бүгін жайылымды өз қолында сақтап қалғанымен, іске нүкте қойылған жоқ. Себебі ауыл тұрғындарының арызы мен жердің құжаттары енді аудан әкімдігінде тексерілмек. Содан кейін шекара айқындалады немесе жер бұрыңғыдай жайылым болып қала бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде