{metadescription}
Байқау: «Бала дауысы» қарағандылық жеткіншектің жұлдызын жақты
Байқау: «Бала дауысы» қарағандылық жеткіншектің жұлдызын жақты

Байқау: «Бала дауысы» қарағандылық жеткіншектің жұлдызын жақты

«Бала дауысы» ән байқауы Қарағандыдан талант іздеді. 7 мен 13 жас аралығындағы 150 ден аса жеткіншек бап пен бағын сынап, өнерлерін ортаға салды. Дегенмен өңірден жүзден жүйрік жалғыз бала таңдалып, келесі кезеңге жол тартты. Бұл жоба Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» және Тұңғыш Президент қорлары мен Мәдениет министрлігінің қолдауымен өтуде.

Станиславкий атындағы драма театрының кіре бірісінде тыңдалымға ентелей ұмтылған жеткіншектер тағатсыз. Бәрінде қобалжу бар. Өйткені осынша жанның жалғыз жолдамаға таласып тұрғанын біледі. Дегенмен, жас өрендердің мақсаттары биік.

Еркежан Жасымбек, байқауға қатысушы:

-Қатты қобалжып тұрмын. Кейбіреулер бірнеше ай дайындалады, мен бірнеше күн ғана дайындалдым. Мен өскенде бірінші жұлдыз және продюссер болғым келеді.

Жеткіншектерді жұлдызға айналдыру оңай шаруа емес. Ең бастысы, баланың шама шарқына арналған репертуар ауадай қажет. Ал Қарағанды балаларын байқауға дайындауда осы мәселе ескерілмеген көрінеді.

Фарида Ниязова, «Бала дауасы »жобасының музыкалық продюсері:

-Ата аналар мен мұғалімдеріне ескерту айтқым келіп тұр. Балалардың барлығы талантты. Жанып тұр. Бірақ дауыс ерекшеліктеріне қарай ән таңдалмаған. Көп баланың бағын осы байлады. Әйтпесе талантқа толы Қарағандыдан көп үміт күткенбіз.

Қазылар алқасы жүз елу баланың ішінен Қарағанды атынан байқауға қатысуға 10 жастағы Жәнел Мұратованы таңдап алды. Енді оны эстрада жұлдызы Ділназ Ахмадиева дайындайтын болады.

Ділназ Ахмадиева, әнші:

-Бала сахнаның не екенін, оның энергетикасы қалай әсер ететінін және тыңдарманмен байланыс құруды үйренуі керек. Ән арқылы ойды жеткізу аса маңызды. Ол үшін алдымен әнді тұла бойынан өткізіп, сол күйді кешуі керек. Бала болғасын бұларды түсінбеуі мүмкін. Таланттың бойына осы қасиетті сіңіруге тырысамын.  

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырып отырған байқауға іріктеу маусымның 22-сіне дейін жалғасады. Ал ақтық кезең қазанның 27-сі мен 29-ы аралығында болады деп Алматыда болады жоспарланған. Оған дейін 16 аймақтан таңдап алынған жас өнерпаздар арнайы әзірліктен өтеді. 3 концерттік бағдарламаден тұратын ақтық сынды КТК телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал, үздіктердің арасынан топ жарған бала әйгілі Диснейлендке жолдама алады және Қазақстандағы беделді музыкалық оқу орнында білім грантына ие болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде