{metadescription}
Ысырап: Алматы тұрғындары миллиондарды игеру үшін көшені қазып тастаған шенеуніктерге қарсы шықты
Ысырап: Алматы тұрғындары миллиондарды игеру үшін көшені қазып тастаған шенеуніктерге қарсы шықты

Ысырап: Алматы тұрғындары миллиондарды игеру үшін көшені қазып тастаған шенеуніктерге қарсы шықты

Керегі болмаса да қазып жатыр. Алматы іргесіндегі Құлжа ауылының тұрғындары қара судан таршылық көрмесе де, жергілікті билік тағы бір су көзін ашып бермекші. Тіпті бюджеттен бақандай 180 миллион теңге бөлгізген. Енді сол ақшаны игеру үшін көшелерді түгел қопарып, онсыз да істеп тұрған су құбырының қасына қосарлап екіншісін тартып жатыр. Мұны қазынаны қанау деген тұрғындар, әкімдердің әрекетіне қарсы наразылық білдірді. 

Құлжа ауылының тұрғындары ішіп отырған мына су сонау Кеңес кезінен бері тұр. Ескі деген аты болмаса, ешқандай ақау да болған емес. Сонша уақыт тұрған су құбырын енді шенділер кеп жауып тастамақшы.

Николай Другов, Құлжа ауылының тұрғыны:

-80-жылдары бұл су көзін бітеп тастағысы келген. Біз ауыл болып рұқсат бермей, сақтап қалғанбыз. Енді келіп жаңадан қазып, ішіп отырған мына суымызды тоқтатып тастаймақ.

Әкімдіктің бұл тірлігін тұрғындар көпе-көрнеу ақша жымқыру деп санайды. Өйткені, ауылдағы әрбір үйге су барып тұр. Ал тағы бір су көзін қазатындай қажеттілік жоқ.

Маруп Заитов, Құлжа ауылының тұрғыны:

-Барлық үйде су бар.  Керек емес бізге. Ақшаны құр босқа шашып жатыр.

Бірақ бұл айыпты мойындамаған әкімдіктің уәжі қашанғыдай құлаққа таныс. Ішіп отырған су санитарлық талапқа сай емес. Сондықтан, қазынадан дереу ақша бөлгізіп, жаңа су көзін ашып жатыр екен. 

Дәурен Мәлібеков, Еңбекшіқазақ аудандық ТКШ бөлім басшысы:

-Елдер өздері тартып алған көшелерге. Бірақ бұл санитарлық талаптарға сай емес. Себебі бұл жерге хлорлау жұмыстары жүргізілмейді. Ертең халыққа бір қиыншылық жағдай, бір аурулар әкеп тұрса, бұған кім жауап береді?

Жаңадан қазылып жатқан су көзі «Өңірлерді дамыту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Алдағы уақытта бұл жерде су тартатын стансия мен ауызсу қоймасы салынбақ.

Құны 181 миллион теңгені құрайтын жаңа су ұңғымасы жоспар бойынша осы жылдың күзіне дейін қазылып бітуі тиіс. Сөйтіп, Құлжа ауылының тұрғындары қаласа да, қаламаса да жаңа орталықтандырылған су жүйесіне қосылмақ. Тек бұл жағдайда ауылдықтар үшін тегін су деген дүние түсіне ғана кірейін деп тұр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде