Туабітті пайда болған қауіпті еттің өскіні 1 айлық Мұхаммед Әлиді қинап біткен. Бұл аздай, анасының құрсағында жатқанда нәрестенің басына су жиналыпты. Онсыз да әлжуаз сәбидің қос аурумен күресетін шамасы жоқ. Сондықтан, ол күн өткен сайын солып барады.
Шұғыл көмек керек: Алматыда қырқынан шықпаған шақалақ өлім аузында жатыр
Шұғыл көмек керек: Алматыда қырқынан шықпаған шақалақ өлім аузында жатыр

Шұғыл көмек керек: Алматыда қырқынан шықпаған шақалақ өлім аузында жатыр

Туабітті пайда болған қауіпті еттің өскіні 1 айлық Мұхаммед Әлиді қинап біткен. Бұл аздай, анасының құрсағында жатқанда нәрестенің басына су жиналыпты. Онсыз да әлжуаз сәбидің қос аурумен күресетін шамасы жоқ. Сондықтан, ол күн өткен сайын солып барады. Ал, шарасыз ата-ана бұған дәрігерлерді кінәлап отыр.

Туғанына 29 күн болған Мұхаммед Әлиге жылаудың өзі қиын. Ауруы күн өткен сайын дендеп, әбден әлсіреген.Қос кесел нәрестеге туабітті жабысқан. Ал, қазір жағдайы сәт сайын нашарлап барады. Бала өсудің орнына, салмақ жоғалтуда. Бұған қоса, қазір ол ата-анасымен бірге мына қара суық бөлмеде тұрып жатыр. 

Ахметжан Саитов, Мұхаммед Әлидің әкесі:

-Мен өзім 60-65 мың, күніне 3 мың теңгеге істеймін. Жұмыс болса істеймін, жұмыс болмаса үйдемін.

Қамкөңіл ата-ана баласының ауру болып туылуына Қоянқұс ауылының дәрігерлерін кінәлап отыр. Жүктілік кезінде инфекция ерте анықталғанда, сәби сап-сау болып туылар еді дейді олар.

Ахметжан Саитов, Мұхаммед Әлидің әкесі:

-УЗИ-дан білінді дерті. Дәрігерлер "алдырасыңдар ма?" дейді.  25 аптаға кеткен баланың өмірін қалай құртамыз?

Ал, дәрігерлердің өз айтары бар. Сөздеріне сенсек, Мұхаммед Әлидің анасы мұнда уақытылы келмей, тиісті сараптамалардан кешігіп қалған.

Ләйлә Амантаева, Қоянқұс ауылдық амбулаториясының акушері:

-Біз -генетикалық  анализді протокол бойынша, 10-14 апта арасында аламыз. Бұл одан кеш келген. Ол анализді біз жасамадық. Уақытында қаралуы керек еді. Уақытында қаралмады.

Дегенмен, қазір кінәлілерді іздеп отыратын кез емес. Баласының ертеңіне алаңдаған ата-анада ақ халаттылармен соттасып жүретін де шама жоқ. Өйткені, перзентіне тез арада екі ота жасату керек.

Екі ота да тым қауіпті. Сондықтан, отандық дәрігерлер тәуекелге барудан қорқып отыр. Өмір үшін күрескен нәрестеге түркиялық мамандар көмектесуге дайын. Бірақ, тек операцияның өзіне 17 мың доллар қаржы керек. Ал, мұны қалтасы көтермейтін отбасы қайырымды жандарға алақан жаюға мәжбүр.

 

Kaspi Bank №KZ02722R000135355111

Кебирова Азиза Мулутовна

87079361357 Ахметжан

87079361357 Азиза

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.