{metadescription}
Павлодарда кішкентай қызын сабап елге танылған келіншек баласын өз тәрбиесіне алды
Павлодарда кішкентай қызын сабап елге танылған келіншек баласын өз тәрбиесіне алды

Павлодарда кішкентай қызын сабап елге танылған келіншек баласын өз тәрбиесіне алды

4 жасар қызын сабап, аналық құқынан айырылған павлодарлық Нұргүл Докуова, баласын қайтадан өз тәрбиесіне алатын болды. Бүгін өткен сот отырысында осындай шешім шығарылды. Шешесінен таяқ жеген кішкентай Айлин, жарты жыл бойы әкесінің тәрбиесінде болған. Осы аралықта 35 жастағы Нұргүл Докуованың ақыл-есі мен үй-ішінің дұрыстығына көз жеткізген арнайы комиссия, қызды қайта анасының қамқорлығына беруді жөн санапты.

Балабақшадағы тәрбиешілердің айтуынша, қазір бүлдіршіннің денсаулығы мен көңіл-күйі жақсы. Ал аналық құқына былтыр желтоқсанда шектеу қойылған Нұргүл Докуованың өзі, осы аралықта қызын әкесінің рұқсатымен ғана көріп, үйіне де жиі әкетіп отырыпты. Бастапқыда немересінің тәрбиесімен айналысам деген Айлиннің әжесі болса, кейін өзі тұратын Ресейге кетіп қалған. Естеріңізге салсақ, былтыр қазанда 4 жасар қызын ұрып-соғып, онысын видеоға түсірген келіншектің әрекеті жұрттың ашуын туғызған еді. Кейін ғаламторда тарап кеткен таспаны қатыгез әйел күйеуінен өш алу үшін түсіргені белгілі болған. Ал соңы мұндай дауға ұласады деп ойламаған Докуова, қызына ыза үстінде қол көтергенін айтып, енді мұндай жайт қайталанбайды деп ант-су ішуде.

Нұргүл Докуова, Айлиннің анасы:

-Ашу үстінде болған жайт. Қызыма ешқашанда қиянат жасағым келген емес. Енді барлығын жаңадан бастап, тату-тәтті өмір сүргім келеді

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде