{metadescription}
Көкшетауда асқан қатыгездікпен өлтірілген судьяға қатысты жаңа дерек шықты
Көкшетауда асқан қатыгездікпен өлтірілген судьяға қатысты жаңа дерек шықты

Көкшетауда асқан қатыгездікпен өлтірілген судьяға қатысты жаңа дерек шықты

Көкшетауда кісі қолынан қаза тапқан судья Жанна Бердіғұлова, бүгін ата-анасы тұратын Алматы облысының Қаскелең қаласында жерленді. Марқұммен қоштасуға туыстары мен әріптестері жиналды.

Ал, қанды қылмыстың нақты себептері әлі айтылмай жатыр. Мәліметтерге қарағанда, күдіктіге есікті судьяның өзі ашқан. Яғни, Көкшетаудан Алматыға қызметін ауыстыруға әзірленіп жатқан ол жиһаз жинау үшін құрастырушыны хабарландыру арқылы шақырыпты. Кешкісін Бердіғұлованың үйіне келген ағаш шебері мен судьяның арасында кикілжің туып, күдікті әйелді буындырып өлтірген. Ал полиция күдіктіні марқұмның телефонындағы нөмір арқылы тез тауыпты. Айта кетейік, кеше Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқаның төрайымының денесі өз үйінен табылған еді. Оны буындырып өлтірді деген күдікпен, 33 жастағы ер адам ұсталған болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде