{metadescription}
 Құлаған ракетадан зардап шеккен Жезқазған тұрғыны өлім аузында жатыр
 Құлаған ракетадан зардап шеккен Жезқазған тұрғыны өлім аузында жатыр

Құлаған ракетадан зардап шеккен Жезқазған тұрғыны өлім аузында жатыр

Зымыраннан кейін шыққан өртте зардап шеккен Жезқазған тұрғынын, дәрігерлер санавияциямен облыс орталығына жеткізді. Қарағандылық мамандар Вячяслав Тыцтың жағдайын әлі де ауыр деп отыр.

Ал тірідей жанып кеткен Юрий Хатюшинді жерлеу рәсімі ертең өтеді. Ол еңбек еткен ресейлік "Машинажасау ғылыми-өндірістік бірлестігі" корпарациясындағылар, жерлеу шығынын көтереміз депті. Онымен қоса отбасына да қаржылай көмек көрсетілетінін айтқан. Жарақат алған адамның ем-домын да солар мойындарына алыпты. Ал экологияға келген шығынды кімнің өтейтіні сол күйі айтылып жатқан жоқ. Естеріңізге салсақ, маусымның 14 күні күндізгі сағат 4 шамасында Жезқазғаннан 60 шақырым жерге «Союз» зымыран тасығышының бөлшектері құлаған. Күннің ыстығы мен қатты желден от тұтанып 10 мың гектер жер өртенді. Өрт сөндіруге келген "Роскосмосқа" қарасты мекеменің екі жұмысшысын от шарпыған. Бірі оқиға орынында тіл тартпай кетсе, екіншісі хал үстінде жатыр.

Берік Төлеубаев, Қарағанды облыстық травмотология және ортопедия клиникасы директорының орынбасары:

-Бүгін бірінші ота жасап, науқас терісінің қаншалықты күйік шалғанын тексердік. Денесінің 40 пайызы күйген. Етке тереңдеп кеткен күйіктер де көп. Алда тағы да бірнеше ота жасалады. Көптеген ем дом шаралары қажет. Жанын аман алып қалу мүмкіндігі бар.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.