{metadescription}
 Назарбаев шетел инвесторларына ақшаны қайда салу керектігін айтты
 Назарбаев шетел инвесторларына ақшаны қайда салу керектігін айтты

Назарбаев шетел инвесторларына ақшаны қайда салу керектігін айтты

Қазақстанда мұнайға балама байлық бар! Нұрсұлтан Назарбаев инвесторларды «ақ алтын» деп аталып кеткен «литий» металлын игеруге шақырды. Елбасы бүгін Астанада шетелдік ірі инвесторларды жинап олигархтарға бірқатар жаңа ұсыныстар жасады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті:

-Литий окрестили белой нефтью. Казахстан имеет большие запасы различных редкоземельных металлов, в том числе и лития. Предлагаю инвесторам рассмотреть данный сектор для финансирования совместно с нашим Правительством. Это перспективное направление, в первую очередь, в сфере энергетики.

Әлемде 2025 жылға қарай «литийге» деген сұраныс үш есеге артып, өндіріс көлемі жылына 550 мың тоннаға жетеді деген болжам бар. Оны қазір мамандар «мұнайдың жаңа түрі» деп те жүр. Яғни, «литийді» игеруге қаржы салған инвесторлар ұтылмасы анық. Ал өте сирек кездесетін мұндай металл қоры біздің елімізде мол. «Литийден» энергия сақтайтын батареялар істейді.  Бұдан бөлек, Қазақстанда баламалы энергия көзі де жеткілікті. Жел, су, күннен экологиялық таза энергия алуға еш кедергі жоқ. 2020-шы жылдың соңына дейін баламалы энергия өндіретін 50 нысан іске қосылады. Ал балама энергия көзінің үлесі 2050-ші жылға қарай 50 пайызға артуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.