{metadescription}
Апат: Алматыда адамға лық толы екі  автобус соқтығысып қалды
Апат: Алматыда адамға лық толы екі  автобус соқтығысып қалды

Апат: Алматыда адамға лық толы екі автобус соқтығысып қалды

Алматыда қос бірдей қоғамдық көлік апатқа ұшырады. Жолаушыға лық толы автобустар Тобаяқов көшесінің бойында бір-бірімен соқтығысып қалған. Салдарынан жеті адам жарақаттанып, жол жиегінде тұрған төрт көліктің тас-талқаны шықты. Ең қызығы апатқа ұшыраған қоғамдық көліктер бір автопаркке тиесілі. Бірақ «Думан Транс» компаниясының басшылары бұл жағдайға қатысты жақ ашпай отыр.

17-ші бағыттағы автобустар тапа –тал түсте Тобаяқов көшесінің бойында бір-бірімен соқтығысып қалған. Куәгерлердің айтуынша, қос қоғамдық көлік тар жолға сыймай қалыпты. Сондықтан бетпе-бет соқтығыспас үшін екі жүргізуші тізгінді жан-жаққа тартқан. Салдарынан жоғары жылдамдықпен жүйткіген мына автобус алдымен ағашқа соғылып, кейін жол жиегіндегі төрт көлікті талқандап барып әзер тоқтапты.

Айдос Еламанов, зардап шегуші:   

-Қалпына келтіруге келмейді бұл машина. Маған ақша берсін немесе машина алып берсін.

Апаттан 7 адам зардап шекті. Олардың екеуі жас бала. Қайта, ешқайсысының денсаулығына ауыр зақым келмеген. Сондықтан дәрігерлерлердің тексерісінен кейін барлығы үйлеріне қайтарылыпты.

Нұржан Исабеков, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:

-Тек орталық клиникаға жеткізілген науқастың ерні жырылған. Алғашқы хирургиялық өңдеу жасалып, үйіне жіберілді. Ауыр жарақат алған науқас болған жоқ.

Есесіне жол жиегінде тұрған көліктер қатты бүлінген. Енді оларды кімнің қалпына келтіріп беретіні белгісіз. Өйткені автопарк басшылары бұл апатқа байланысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Ең қызығы бір-бірімен соқтығысқан автобустар «Думан Транс» автопаркіне тиесілі екен.  Қазір ірі жол апатының себеп-салдарын тәртіп сақшылары анықтауда. Полицейлер қос жүргізуші мен куәгерлерден жауап алып, авто-техникалық сараптама жүргізіп жатыр. 

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде