{metadescription}
 7 баламен көше кезген келіншекке жұрт жұмыла көмектесіп жатыр
 7 баламен көше кезген келіншекке жұрт жұмыла көмектесіп жатыр

7 баламен көше кезген келіншекке жұрт жұмыла көмектесіп жатыр

7 баласын жетектеген батыр анаға жұрт жұмыла көмектесіп жатыр. Шиеттей бала-шағамен көше кезген келіншек жайында өткен жұмада ғана көрсетіп едік. Жомарт жандардың арқасында, Шынар Сәрсенбаеваның өмірі екі күнде өзгеріп шыға келді. Бала-шағаның көз жасына бей-жай қарай алмаған жандар 2 жарым миллион теңге жинап беріп, пәтер жалдап берген. Тіпті, басыбайлы жаңа үй салып берудің қамына кіріскен Атымтай-Жомарттар бар. Көптен бері тоя тамақ ішпей, көңілдері енді көтерілген жанұяның жайын Аида Мағыпар айтсын.

Бұл отбасының қиын жағдайы қайырымды жандарды елең еткізбей қоймады. Көшеде ас ішіп, шөп арасында түнеген шиеттей бала-шағаны арнамыздан көргендар қолдан келер көмегін арқалап осында ағылыпты. Ішіп-жем, кіим-кешек, тіпті 3 айға пәтер де жалдап берген.

Шынар Сәрсенбаева:

-Маған КТКа қараған, интернет қараған кісілер келіп керекті қаражатпе,продуктымен., киіммен одеял ,көрпе соларды сатып алып берді.енді матраста сатып алып береміз төсек қарастырамыз деп отыр.Бір кісілер столда алып келді. рахмет кісілерге.

Тіпті, қайырымды жандардың бірі бұл отбасыға басыбайлы үй салып беруге кіріскелі отыр. Ал оған дейін жалдамалы болса да 7 баланың жатар орны, ішер асы бар. Бір күнде бұлай өмірлерінің өзгеретінін ойламаған отбасынының алғыстан басқа айтары жоқ.

Сымбат Сәрсенбаева, Шынар Сәрсенбаеваның қызы:

-Енді мен өзімнің сезімімді айтып жеткізе алмаймын қатты толқып қуанып жатырмын. Аяқ асты болып кетті біз ойлаған жоқпыз осылай болатынын рахмет сіздерге көп, ктк арнасаынада рахмет, осылай көмектескендеріңізге. бұйыртса үйді салып болған соң барлығынызды қонаққа шақырамыз.

Қазірдің өзінде қайырымды жандар 2 жарым миллион теңге жинап берген. Дегенмен, қаржылай көмек берерде сақ болған жөн. Өйткені, Шынар Сәрсенбаеваның атын пайдаланып, ақша тапқысы келген алаяқтар да шығыпты. Сондықтан, қол ұшын бермес бұрын, батыр ананың өзімен алдын ала хабарласып алған абзал.

 

Көмектесемін деушілерге: 8 702 137 67 34

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде