{metadescription}
Қызылордалық шеберлер «Экспо»  көрмесіне орай ашылған этноауылдағы былықты жайып салды
Қызылордалық шеберлер «Экспо»  көрмесіне орай ашылған этноауылдағы былықты жайып салды

Қызылордалық шеберлер «Экспо» көрмесіне орай ашылған этноауылдағы былықты жайып салды

Қолөнерді қытай тауарына, ал биоәжетхананы қазақтың кең даласы алмастырған этноауыл. Қызылордалық шеберлер ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ашылған этноауылдағы көзбояушылық туралы айтып берді. Қазақтың қолөнерін насихаттаймыз деп жүріп мазаққа қалдық деп күйініп отыр олар. Өйткені, уәде етілген үш мезгіл тамақ пен ақша мәселесі облыс әкімі кете салысымен жайына қалған көрінеді.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған мына этноауылдың ашылғанына көп те болған жоқ. Өңірдің ең үздік шеберлерін жинап, туристерге қазақтың қолөнерін насихаттау мақсатында бой көтерген көрменің ашылуына облыс әкімнің өзі келіп қатысқан. Қызықтың бәрі шенділер кеткен соң басталыпты.

Қарлығаш Ілиясова, Қазақстан қолөнершілер одағының Қызылордадағы өкілі:

-Барлығы синтетика, сонда ұлттық қолөнерді дамытқанымыз қайда. Дәріптегеніміз қайда.. Барлығы көз бояушылық. Қолөнершілер қорыққаннан отыр. Әкімнің айтқанымен келген.

Қытайдың тауарын қолөнер деп көрсетіп отырған шеберлерді әкімдік тамақпен қамтамасыз етуі керек болған екен. Ол сөз жүзінде қалыпты. Тіпті, дәретті де көрінген жерде сындырып жүрміз деп ашынды шеберлер.  

Зухра Баймырзаева, шебер:

- Көрме өткізді ешқандай көрмей сияқты емес. Арал, Шиеліден келген қолөнер шеберлері бимаз болып кетті. Келдік көрме жасадық ешкім көрген жоқ. Ешкім рахмет айтқан жоқ, қорытынды жасаған жоқ. 

Ұйымдастыру деңгейінің төмендігін әкімдік өкілдері де мойындап отыр. Дегенмен олқылықтарды реттейміз деп сендіруде. Ал жалпы шараны өткізуге қазынадан 62 млн теңге бөлінген екен.  

Ернар Мүбарак, жоба жетекшісі:

-Биотуалеттер техникалық ақауларға байланысты кішкене кешіктірілді. Қазіргі таңда жолда. Ертең толық орналастырамыз. 16/48 Қазір көрсеңіз қолөнершілерді. Ешқандай шағым жоқ. Бәрі тату-тәтті жұмыс істеп жатыр.

Шеберлермен арадағы келісім бойынша олар этноауылда үш ай жатып қазақтың қолөнерін насихаттауы тиіс болған. Алайда, үш мезгіл тамақ пен уәде етілген 60 мың теңге айлықтан күдер үзгендер енді мұнда бір күнде тұрмаймыз деп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.