{metadescription}
Астанада Сирияға қатысты келесі келіссөздің өтетін күні белгілі болды
Астанада Сирияға қатысты келесі келіссөздің өтетін күні белгілі болды

Астанада Сирияға қатысты келесі келіссөздің өтетін күні белгілі болды

Астанада Сирияға қатысты келесі келіссөздің өтетін күні белгілі болды. Тараптар Елордада 4-5-ші шілдеде қайта бас қосып, соғысты тоқтату жайын тағы талқыламақ.

Астана процесінің 5-ші рауындына кепіл беруші мемлекеттер: Түркия, Ресей мен Иран және Біріккен ұлттар ұйымы қатысатынын растады. Оны арнайы елші Стаффан де Мистура бастап келмек. Ал, қарулы оппозиция мен ресми Дамасктан әзірге жауап жоқ. Бейбіт келіссөзге келер келмесі белгісіз. Процеске бақылаушы ел ретінде қатысатын АҚШ болса, жоғары лауазымды өкілін жібермекші. Бірақ, оның кім екені айтылмай отыр. Әрі Иорданиядан да делегация келеді деп күтілуде.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

-Қазір Сирия үкіметі мен оппозицияның жауабын күтіп отырмыз. Олардың процеске келерін кепіл беруші мемлекеттер жақында растауы тиіс. Ал, ресми Астана келіссөзге дайындықты бастап кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде