{metadescription}
Алматыда алапат өрттен пәтері жанып кеткен келіншек көршісін кінәлап отыр
Алматыда алапат өрттен пәтері жанып кеткен келіншек көршісін кінәлап отыр

Алматыда алапат өрттен пәтері жанып кеткен келіншек көршісін кінәлап отыр

Балконнан басталған өрт, бүкіл үйдің тұрғындарын көшіруге мәжбүрледі. Алматының ең қымбат ықшамауданында тұтанған тілсіз жау әп-сәтте 2 пәтерді күлге айналдырған. Қайта, іште адам болмапты. Дегенмен, құтқарушылар басқа пәтерлерден дереу 60 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Негізі, өрт тұтанған 6-шы қабаттағы үй жалға берілген екен. Сондықтан, оған әбден көңіл көтерген қонақтар себеп болуы мүмкін.

Таңертең тұтанған өрт тұрғындарды да, құтқарушыларды да аяқтан тік тұрғызды. Бұл жолы элиталық «Самал» ықшамауданындағы 12 қабатты үй отқа оранған.

-Ойбай өрт!

Жалын алтыншы қабаттағы пәтерден басталып, жоғары қабаттарға көтеріліпті. Одан 2 пәтердің түгі қалмай өртеніп кеткен. Құдай сақтап, екеуінде де адам болмады. Ал, құтқарушылар жалпы саны 60 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Оның 12-сі бала.

-Қараңыздар барлығы жарылған. Жанып кетті.

Сәуле Жашыбаева санаулы минутта шаш етектен шығынға батқандардың бірі. Оның ипотекаға алған баспанасы күлге айналған. Дүние-мүлкі де енді жарамсыз. Тілсіз жаудың абайсызда тұтанғанына ол сенбейді. 

Сәуле Жашыбаева, зардап шегуші:

-Өрт әдейі қойылған. Бұл маған кектеніп жүрген көршімнің ісі. Ол алтыншы қабаттағы үйді тәуліктеп жалға береді. Соның балконынан менің пәтеріме қарай от қойған.

Қазір оқиғаның басқа да болжамдары айтылуда. Өрт тұтанған пәтердің күнбе-күн жалға берілгенін өзге тұрғындар да растады. Сондықтан, олар апатқа сол пәтерге келіп, әбден көңіл көтерген қонақтарды кінәләйді.

Виктория Денисова, оқиға куәгері:

- Апатқа сол пәтерді жалға алған адамдар себеп болған. Олар бірдеңені қосып, өшірмей кеткен. Содан өрт шығып отыр.

Өрт темекі тұқылынан тұтанған деген де болжам бар. Алайда, 2 пәтерді күлге айналдырған тілсіз жаудың нақты себебі белгісіз. Оны қазір төтенше жағдай қызметкерлері анықтап жатыр. Ал, оның қорытындысы 1 айға созылуы мүмкін.

Десе де, төтенше жағдай қызметкерлері 2 пәтер де тұруға жарамды деп отыр. Себебі, қап-қара күйе болған жерлер өртенген аумаққа жатпайды екен.

Сандуғаш Баймұхамбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:

-Өрт-сөндіру бөлімшелерінің сарбаздарының айтуы бойынша, 16 шаршы метр деп тураланып тұр өрттің аумағы. /07:28/ - Күйе жағылған, ыс жағылған жер оттың қатысуымен шалынған болып саналады. Ол отқа жатпайды.

Баспанасыз қалған тұрғындар кінәлілердің шығынды өтеуін талап етпек. Ал, ол үшін сотқа шағым түсіруге дайын отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.