{metadescription}
Шенеуніктерге шетелдік телеарналарды көруге тыйым салынбақ
Шенеуніктерге шетелдік телеарналарды көруге тыйым салынбақ

Шенеуніктерге шетелдік телеарналарды көруге тыйым салынбақ

Шенеуніктер отандық телеарналарды ғана көруі тиіс. Елімізде мемлекеттік органдарда шетелдік арналарды қосуға тыйым салынбақ. Ақпарат министрлігі осы арқылы отандық арналарды қолдамақшы.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

-Кейбір мемлекеттік орындарда көпшілікке ұсынылған теледидардан басқа елдің арналары қосулы тұрады. Бұлай болмауы тиіс. Яғни, тек қана еліміздің телеарналары көрсетілуі керек.

Ол үшін Ақпарат министрі тиісті заңға өзгертулер енгізген. Бүгін соны Мәжілісте таныстырған Абаевтың құжаты қабылданса, әкімдіктерден бастап министрлік, парламент пен өзге де мемлекеттік органдарда қазақстандық арналар ғана қосылып тұрады. Бұдан өзге министрлік спутниктік антенналарға да қарсы күрес жариялапты. Оны орнатып алған тұрғындар  шетелдің арналарын көруге әуес дейді министр. Сондықтан, мұндай антенналарға тыйым салу мәселесі де қаралып жатыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде