Сау барып, сал болып қайтты! Әскерге барғанына екі-ақ ай болған жас сарбаз мүгедек болып қалуы мүмкін. Қазармада үстіне төсек құлаған 19 жастағы  Бақберген Қаламыш бел омыртқасы сынып, хәл үстінде жатыр. Дәрігерлер оның аяққа тұрып кететініне ешқандай кепілдік бермей отыр.
Қазармада үстіне төсек құлаған сарбаз мүгедек болып қалуы мүмкін
Қазармада үстіне төсек құлаған сарбаз мүгедек болып қалуы мүмкін

Қазармада үстіне төсек құлаған сарбаз мүгедек болып қалуы мүмкін

Сау барып, сал болып қайтты! Әскерге барғанына екі-ақ ай болған жас сарбаз мүгедек болып қалуы мүмкін. Қазармада үстіне төсек құлаған 19 жастағы  Бақберген Қаламыш бел омыртқасы сынып, хәл үстінде жатыр. Дәрігерлер оның аяққа тұрып кететініне ешқандай кепілдік бермей отыр. Ал Бахбергеннің әкесі тепсе темір үзетін сау ұлымды осындай жағдайға жеткізген командирлердің салғырттығы дейді. 

Түтікшеден су ішіп, басын көтере алмай жатқан жас жігіт Бақтияр Қаламыш. Отан алдындағы борышын өтеу үшін Павладар облысынан әскерге шақыртылып, Отардағы 82 796 әскери бөлімінде қызмет еткен. Енді екі ай өтпей Алматыдағы ауруханада жатыр. Сөйлеуге де шамасы жоқ.

Қаламыш Жақсылықұлы, Бақбергеннің әкесі:

- Барлығы казарманың алдында болған. Ол жерде палатка тұрған. Темір нар төсекті балалар өзі құрған екен. Соған жатқанда менің балам астыңғы қатарда болған. Төсек тайып келіп белін басқан.

Темір төсекпен бірге он шақты бала үстіне құлағанда Бақбергеннің бел омыртқасы сынып, жұлынына зақым келген. Қазір белден төмен жан жоқ. Дәрігерлер аяғына тұрып кетуі екі талай деп отыр. Ал әкесі бұған әскери бөлім басшыларын кінәлайды.

Қаламыш Жақсылықұлы, Бақбергеннің әкесі:

- Баламды күнін кешіктірмей тездетіп жақсы больницияға, керек болса шетелге апарып емдеп берсін. Сау бала бергенмін, баламды енді арқалап қайтқым келмейді. Материалдық маралдық шығындарды талап етем.

Қамкөңіл әкенің ұлына массажист пен психологты да алдырта алмай жүргеніне екі апта болған. Бірақ әскерилер асығар емес.

Самат Түлепбаев, «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығы тәрбие бөлімінің бастығы:

-Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша нақты шаралар қолданылады. Бақбергеннен басқа ешкім зардап шекпеген. Қазір оған барлық көмек көрсетілуде. Тезірек жазылып кетуін күтеміз.

Ал, Бақбергеннің әкесі қарап отырмақ емес. Әскери прокуратураға арыз жазып, борышын өтеуге кеткен ұлының қауіпсіздігіне жауаптылардың  қатаң жазалауын талап етпек.

Кеше6

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...