{metadescription}
Жанжал: Жаңаөзенде балабақшадағы былықты видеоға түсірген тәрбиеші жұмыстан қуылды
Жанжал: Жаңаөзенде балабақшадағы былықты видеоға түсірген тәрбиеші жұмыстан қуылды

Жанжал: Жаңаөзенде балабақшадағы былықты видеоға түсірген тәрбиеші жұмыстан қуылды

Жаңаөзендегі балабақшалардын бірінде дау шықты! Бұған бүлдіршіндердің бір төсекте екі-үшеуден жатып, кезекпен тамақтанатыны түсірілген бейнеролик түрткі болған. Ал видеоны бала күтуші түсіріп, ғаламторға жариялапты. Ол мұндағы кішкентайлардың санының көптігінен осындай қадамға баруға мәжбүрміз дейді. Алайда мекеме басшылығы өз қызметкерлерінің бұл сөзін теріске шығарды.

Жаңаөзендегі №13 балабақшаның қызметкері жариялаған мына видеода, балалардың бір төсекте екеуден жатқаны, оларға екеуара бір ыдыс берілетіні көрініп тұр. Автордың айтуынша, материалдық тапшылық осындай жағдайға мәжбүрлеген. Бұл келеңсіздікке төзбеген бала күтуші мекемегі былықты әшкере етуді жөн деп тауыпты.

-5 балаға тамақ бердім. Ыдысын  жудым,қайта бес баланы отырғыздым. 20 баладан кейін  менім кінәм не? Тек аланы азайтыңызшы, 20 баланы. Тәрелке жоқ.

Алайда мекеме басшылығы мен өзге қызметкерлердің айтуынша бұның барлығы жалған екен. Бейнетаспадағы көрініс қасақана жасалған қойылым деп ақталды.

Гүлнар Жолмағамбетова, балабақша әдіскері:

-Барлығы жақсы, барлығы жеткілікті.Әр топта 20 баладан 20 тәрелкесі, 20 қасығы, ыдыстары барлығы жеткілікті .

Балабақшадағы бұл жанжал облыстық білім басқармасындағыларға да жетіпті. Олар видео авторы мен мекеме директорының жұмыстан қуылғанын айтты. Әйтсе де, құрал-саймандардың жетпей қалуы мүмкін емес деп отыр. Ал дау жеке бас араздығынан болған көрінеді.

Сұлу Еламанова, Маңғыстау облысы білім басқармасының қызметкері:

-Білім басқармасының тапсырмасымен  дереу Жаңаөзен қаласына шықтық. Барып зерттеп жағдайды қарадық. Басшысымен және де ұжымымен сұхбаттастық. Басшы мен тәрбиешінің арасындағы келіспеушілік болған.

Шенеуніктердің айтуынша, істің анық-қанығы толық тексерістен соң белгілі болады. Ал жетіспеушілік расталған жағдайда бірнеше жыл бұрын ғана ашылған балабақшаның басшылығы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде