{metadescription}
Оқыс оқиға: Орталық сайлау комиссиясының сайтына шабуыл жасаған хакерлерге іздеу жарияланды
Оқыс оқиға: Орталық сайлау комиссиясының сайтына шабуыл жасаған хакерлерге іздеу жарияланды

Оқыс оқиға: Орталық сайлау комиссиясының сайтына шабуыл жасаған хакерлерге іздеу жарияланды

Сенат депутаттарын сайлау кезінде оқыс жағдай болды. Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына хакерлер шабуыл жасаған. Қаскөйлер сайлаудың құпия деректерін көздесе керек.

Берік Имашев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

-Шабуыл уақытылы байқалып, тіркелді. Бұл деректерді құқық қорғау органдарына жолдадық. Күдіктілер  заңмен жазалануы  тиіс.

Сайлау деректеріне басқа емес, шетелдің хакерлері қызығыпты. Шабуыл кезінде сақталып қалған IP-із олардың Еуропалық одақ аумағында екенін көрсеткен. Десе де, қаскөйлер құпия ақпаратқа қол жеткізе алмапты. Шабуылға қарамастан бүгін Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ресми қортындысын жариялады. Оған сәйкес 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларының мәслихаттары 38 үміткердің ішінен 16 депутатты сайлады. Олардың арасында төртеуі қазіргі сенатор, бесеуі әкім орынбасары, бір аудан әкімі және бір университет ректоры бар. Ал бүгін Сенаттың алтыншы шақырылымы соңғы отырысын өткізіп, өкілеттігі біткен депутаттар ізбасарларына орын босатып жатыр. Сондықтан болар, мерзімі жетіп атынан түскен  Владимир Редкокашиннің бүгін көңілі жабырқаулы.

Владимир Редкокашин, Сенат депутаты:

-Өмірімнің ең жақсы алты жылын осы жерде өткіздім деуіме болады. Күш-жігер аяған жоқпын, сондықтан көңілім тоқ. Алда немен айналысарымды шешкен жоқпын, ойлануға уақыт бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.