{metadescription}
Ақтөбені дүлей дауыл тас-талқан қылды
Ақтөбені дүлей дауыл тас-талқан қылды

Ақтөбені дүлей дауыл тас-талқан қылды

Дүлей дауыл Ақтөбе жұртын айналдырған он минут ішінде әуре-сарсаңға түсірді. Бұл өңірде жел екпіні жиырма бес метрден асып, көше бойындағы тал-теректерді тамырымен жұлған. Көптеген көлік зақымданды. Құрылыс алаңында тұрған кран көлігі көпқабатты үйге құлаған.

Ақтөбеліктердің өздері айналдырған он минут ішінде не болғанын түсінбей қалды. Дүлей дауыл тұрып, жаңбыр құйды. Оның арты бұршаққа ұласты. Бұл табиғаттың тосын мінезінен ең көп зақым келген Батыс-2 ықшамауданындағы тоғыз қабатты үй болып отыр. Құрылыс жүріп жатқан көрші ауладағы кран көлігі дәл осы үйге құлаған. Соның салдарынан жоғарғы қабаттағы үш балконның быт-шыты шықты. Төменгі қабаттағы пәтерлердің терезесі сынған. Әйтеуір тұрғындар дін аман. Баспанасы бүлінген тұрғындар енді келген шығынды кімнен өндірерлерін білмей абдырап жүр.

Айсұлу Айжарыққызы, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Қайта  кран үйдің үстіне құлаған жоқ. Қаншама адам өлетін еді. Түсінесіздер ме? Бастықтары да жоқ. Кіммен сөйлесетінімізді білмейміз данный момент. Терезе жоқ. Балкон құлады.

Дүлей дауылдан көше бойындағы тал-теректер тамырымен жұлынған. Ондаған үйдің шатырын жұлып кетіпті. Тіпті қаланың қақ ортасындағы Қобыланды батыр атындағы стадионның да бір жақ төбе жабындысын құлатқан. Көптеген көлік ағаш астында қалды. Дауыл көтерген заттар көліктердің терезесін шағып, бүлдірген.

Айымгүл Жұмашова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Мына бес мишина тұрмыз осылай. Бәріміздің үстімзге кірпіш құлады. Біздің машинаны көріп тұрсыз. Темір тесіп шықты. Соны енді ГАИ қызметкерлерін күтіп тұрмыз.

Қазір осы оқиғаға байланысты қала әкімдігі жанынан комиссия құрылыпты. Оның құрамына тәртіп сақшыларынан бастап, құтқарушылар мен төтенше жағдайлар департаментінің өклідері енген. Қала әкімінің орынбасары дүлей дауылдан зардап шеккендердің шығыны қалай өтелерін білмей отыр. Яғни, әзірге ештеңе белгісіз.

Жандос Байырханов, Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары:

-Ауа-райына жауып қойғанда халықтың, тұрғындардың еш кінәсі жоқ. Тұрғындарға қосымша көмектің қай жақтан болары белгісіз. Оны әлі шешетін боламыз.

Ал кран құлаған үйдің тұрғындары әзірге шығынды сол құрылыс көлігінің иесі, яғни құрылыс компаниясы өтейміз деп уәде етті. Бірақ алдымен бағалаушылардың тексеру қорытындысын күтеді екен. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде