{metadescription}
Алматыда қызының еміне деп халықтан ақша жинатқан жеңгесін қайын інісі сотқа берді
Алматыда қызының еміне деп халықтан ақша жинатқан жеңгесін қайын інісі сотқа берді

Алматыда қызының еміне деп халықтан ақша жинатқан жеңгесін қайын інісі сотқа берді

Хал үстіндегі қарындасына донор болған Бақтияр Жылқыбаевтың айтуынша, бүйректі ол тегін берген. Ал  бастапқыда Израильде 30 мың еуроға жасалады деген отаның өзі де елде су тегінге жасалыпты. Десе де, Ақмарал Жақсылықова еріктілерден алған ақшасын сот міндеттесе де қайтарғысы жоқ. Керісінше, қызының еміне ақша жинаған қыз-жігіттердің өздерін жазғырып, сотқа берді. Қып-қызыл жанжалға ұласқан қайырымдылық шарасы туралы тілшіміз Аруна Ортай айтып береді.      

Бақтияр Жылқыбаев ағасының қызына бүйрегін бөліп берген. Алайда, бауырынан барын аямаған жігіт ауруханадан шыға сала шалқасынан түскен. Өйткен, жеңгесі донордың ақысына деп ел-жұрттан бақандай 12 миллион теңге жинатып алыпты.  

Бақтияр Жылқыбаев, Жәнел Жайлауованың ағасы:

-Жеңгеммен де, ағаммен де  қалай операция өтті қатынасымыз жоқ, араласпаймыз да. Сотқа берген себебім, әділдік шешілсін деп бердім. Менен жасырған біріншіден. Ақшаны есептеп, мына қайырымджы жандар тобына есептеп қайтарса, Қазақстанда көп бүлдіршіндер қаражат қажет ететін. Ауырып жатқан. Сол адамдарға берілсе, хоть бір адамның өмірін құтқарып қалар еді.

Отаның тегін өткенін айтқан жігіт жеңгесін сотқа берді. Айтуынша, Ақмарал Жақсылықова «қызымың еміне» деп 12 миллион теңгені қайырымды жандардан негізсіз жинап алған. Енді сол ақша өзге мұқтаж сырқаттарға қайтарылуы тиіс деп есептейді. Халықтан емге деп жинаған қыруар қаражаттың қайда кеткенін қыздың ата-анасы еріктілерге де ашып айтпаған. Миллиондарды дәрі-дәрмекке жұмсадық деп жылы жауып қоя салыпты. Дегенмен, дәрігерлер бұған да ақша кетіп жатқан жоқ дейді.        

Зейнеп Жұмағұлова, дәрігер:

-Жанель Жайлауова емді тегін қабылдап жатыр. Дәрі-дәрмегі де тегін. Қазіргі жағдайы қалыпты. Оңалту шарасы жүйелі жүріп жатыр.

-Қайырымдылық шараға бірге атсалысамыз!

Ал бұл сырқат қызға жаны ашыған қыз-жігіттердің жұрттан ақша жинап жатқан сәті. «Қайырымды жандар» тобының еріктілері, тіпті, түнде де түрлі акциялар ұйымдастырып, Жанельге көмектесу үшін жанын салған. Екі бүйрегі де істен шыққан жеткіншекке ақша салмаған жан қалмаған. Сол жанашыр жандардың арқасында қажетті сома лезде жиналған.       

Мәулен Алғазы, ерікті:

-Еріктілер тобының бастамасымен жиналған қаражатқа бүкіл халықтың үлесі бар. себебі, бұны тек біздің тобымыз ғана жинаған жоқ. Алматы, Ақтау, Шымкент, Жезқазған қалаларындағы еріктілеріміз жинады.Соттың шешімінен кейін Ақмарал Жақсылықованың қайтаратын 10 млн теңгесін біз халықтың алдында барша ауру балаларға бөлетін боламыз.

Қайын інісі сотқа берген Ақмарал Жақсылықованың өзі телефонын сөндіріп тастаған. Дегенмен, келіншек қайырымды жандардан ақша жинап алған 12 миллионның 10 миллионнын қорға қайтарып беруі тиіс. Қазір бұл әйел соттың бұл шешіміне бағынбай, аппеляцияға шағым түсіріпті.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.