{metadescription}
​Көкшетауда әріптесін өлтірген экс-полицей Жәнібек Баймурзинге кесілген үкім өзгеріссіз қалды
​Көкшетауда әріптесін өлтірген экс-полицей Жәнібек Баймурзинге кесілген үкім өзгеріссіз қалды

​Көкшетауда әріптесін өлтірген экс-полицей Жәнібек Баймурзинге кесілген үкім өзгеріссіз қалды

Оның адвокаты тапанша байқаусызда атылып кеткен деген уәж айтып, жазасын жеңілдетуін сұраған еді. Сондай-ақ, судья жәбірленуші тараптың да талап-арызын қанағаттандырмады.

Яғни, олар марқұм Еламановтың жақында ғана дүниеге келген ұлына қылмыскерден пәтер талап еткен еді. Енді жәбірленуші тарап Жоғарғы сотқа арыздану жағын қарастырмақ. Естеріңізге салсақ, өткен жылдың желтоқсанында, полиция лейтенанты Дархан Еламановтың өлі денесі табылған еді. Осы іске қатысты 37 жастағы Жәнібек Баймурзин қамалған болатын. Өз қылмысын мойындаған ол әріптесін қызметтік тапаншамен атып, жер жастандырғанын айтқан-ды. Бұған жеке бас араздықтары себеп екен. Ал мәйітті қала шетіндегі қарға көміп тастаған болып шықты. Қос полицейдің арасындағы қанды оқиға салқыны өзге тәртіп сақшыларын да айналып өтпеді. Біршамасы қызметінен кетіп, ондаған полицей түрлі деңгейдегі жазаға тартылды.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Қызметтік тәртіпті сақтамай, тиісті міндеттерін атқармағаны үшін Ішкі істер департаменті бастығының бұйрығымен төтенше жағдай орын алуына жол берген 22 қызметкер қатаң жазаға тартылды. Облыстық,қалалық ішкі істер органдарының басшылары жұмысынан кетті.Бірнеше офицер қызметіне лайық емес деп танылды,қатаң сөгіс алды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде