{metadescription}
Ақмола облысында полицей мен прокурорға оқ жаудырған 61 жастағы азамат саяси қуғын-сүргін мұражайы аумағында атылып өлді
Ақмола облысында полицей мен прокурорға оқ жаудырған 61 жастағы азамат саяси қуғын-сүргін мұражайы аумағында атылып өлді

Ақмола облысында полицей мен прокурорға оқ жаудырған 61 жастағы азамат саяси қуғын-сүргін мұражайы аумағында атылып өлді

Ақмола облысында жантүршігерлік жағдай! Астана іргесіндегі Ақмол ауылында 61 жастағы ер адам полицей мен прокурорға мылтықтан оқ жаудырып, кейін өзі атылып өлді. Өмірбек Жанбозовтың мұндай оқыс қадамға не үшін барғаны қазір анықталып жатыр. Бірақ туыстарының айтуынша, марқұм тірі кезінде шаруа қожалығын басқарған екен. Бірақ соңғы жылдары жемқорлыққа қатысты дау шығып, оған шыдамаған азамат өзіне қол салған дейді.

Қазір оқиға орнынан тілшіміз Досжан Маратұлы тікелей байланысқа қосылғалы тұр. Қайырлы кеш, Досжан. Оқиға қалай болды?

-Кеш жарық, Мадина. Оқыс жағдай бірнеше сағат бұрын Астанадан 30 шақырым жердегі Ақмол ауылында болды. Осында Өмірбек Жанбозов есімді азамат алдымен прокуратураға келіп, кіре берісте отырған полицей мен прокурорға қос ауыздан оқ жаудырған.

Кейін бірден сыртқа қашып шығып, қарсы беттегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайға барып, өзін жүрек тұсынан атып жан тапсырған. Қазір мәйітті криминалистер қарап жатыр. Ал оқиға орны түгел қоршауға алынып полицейлер ешкімді маңайына жолатар емес. Марқұмның жақын туыстары да қазір осында жүр. Айтуларынша, Өмірбек Жанбозов құзырлы орын тарапынан көрген қысымға шыдамай өзіне қол салған.

-Жап-жас прокурор мен финполдар қанын ішіп бітті байқұстың. Жасы келген адам. –Не істеген сонда? –Тексере береді тексере береді. Бұл жазығы жоқ адам жеп қойған ештеңесі жоқ. –Қызметпен бе? –Иә, сол қызмет бабымен тексерген. Үлкен қызмет істеген адам.

Яғни, Өмірбек Жанбозов Ақмола облысындағы ірі су шаруашылығын басқарған екен. Бірақ, екі жыл бұрын директор аяқ асты қылмыстық іс бойынша күдікке іліккен екен. Яғни, 6 сыбайласымен бірге 600 миллионнан астам қыруар қаржыны қолды қылды деп айыпталған. Тіпті, сот отырысы болып, мемлекеттік айыптаушы марқұм Жанбозовқа 10 жыл жаза кесуді сұраған. Ал судья үкімді бүгін шығаруы керек болған. Бірақ шаруа қожалығының басшысы өз-өзіне қол салып отыр. Ал, марқұмның адвокаты істің дұрыс қаралмағанын айтуда.

Бақыт Қайыржанова, адвокат:

- Шаруа қожалығына жүргізілген тексеру тек бір жақты ғана болды. Өмірбек Жанбозовтың кінәсін дәлелдейтін айғақтар мүлдем жоқ. Тіпті, сараптаманың өзі 600 миллионның ұрлануы мүмкін емес екенін растады. Марқұм сот әділ болады деп айтып еді. Жеңіп шығатынына сенген.

Ал, қызмет орнында қанға боялған прокурор мен полицей  шұғыл түрде Астанаға жеткізіліп, қазір ем алып жатыр. Жағдайлары ауыр әзірге бірнәрсе айтуға ерте деп отыр дәрігерлер.

Ал, жантүршігерлік істі Ақмола облысының прокуратурасы қатаң бақылауға алды.  Қазір марқұмның мылтығы сараптамаға жіберіліп, іс бойынша жан-жақты тексеру басталып кетті. Менде бар ақпарат әзірге осы. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.