{metadescription}
Атырау облысында еріктілер мыңдаған шабақты қырылудан құтқарып қалды
Атырау облысында еріктілер мыңдаған шабақты қырылудан құтқарып қалды

Атырау облысында еріктілер мыңдаған шабақты қырылудан құтқарып қалды

Атырау облысында еріктілер шабақтарды қырылудан құтқарды. Олар Махамбет ауданына қарасты ондаған тоғандарда қалып қойған  көксерке мен табанның, сазан мен шортанның шабақтарын сүзіп алып, Жайық өзеніне қайта жіберді. Осылайша, мыңдаған су жәндігі өзінің табиғи өмір сүру ортасына қайта оралды.

Мұндай шараны атыраулық еріктілер осы сала мамандарымен біріге отырып, 2012 жылдан бері жүргізіп келеді. Өздерінің айтуынша, жылына 20 мыңға жуық, ал 5 жылда 3 миллионға жуық шабақты құтқарыпты. Айта кету керек, көктемде өр суымен бірге бұл тоғандарға уылдырық шашуға сан түрлі балық келеді. Ал су арнасына қайтқан кезде олар бөлініп қалып, судағы оттегі мөлшері де азайып, шабақтардың бір мезетте қырылып қалу қаупі туады. Ал, оның алдын алу үшін еріктілер шабақтарды сүзіп алып, қолдан тасымалдау арқылы Жайық өзеніне апарып жібереді.

Майя Шәменова, ерікті:

-Мұны біз бір-бірімізден естіп, көмек көрсетуге атсалысайық деп балық саласының мамандарына хабарластық. Олар да қарсы болған жоқ. Бәрін көзіңмен көріп, қолыңмен істеген жұмыстан ләззат аласың. Яғни, өз қалаңа, өмір сүріп жатқан ортаңа пайда тигізгеніңді сезгеннің өзі керемет қой!

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.