{metadescription}
Шымкент-Самара тас жолында жол апатынан екі жоғары лауазымды шенеунік қаза тапты
Шымкент-Самара тас жолында жол апатынан екі жоғары лауазымды шенеунік қаза тапты

Шымкент-Самара тас жолында жол апатынан екі жоғары лауазымды шенеунік қаза тапты

Оңтүстік Қазақстандағы Шымкент-Самара тас жолында болған жол апатынан облыс әкімінің кеңесшісі мен мәслихат депутаты қаза тапты. Олар мінген жеңіл машина жол бойында бұзылып тұрған қарбыз тиелген жүк көлігіне соғылған.

Жол апаты Түркістан қаласынан 40 шақырым жерде болды. 46 жастағы облыс әкімінің кеңесшісі Сейіт Ертай мен 55 жастағы облыстық мәслихат депутаты Қамытбек Айтөреев отырған Тойота Ланд Крузер бар екіпінімен жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған. Қатты соққыдан жеңіл машина жапырылып қалған. Ішіндегі шенеунік пен халық қалаулысы сол жерде тіл тартпай кетсе, 32 жастағы жүргізуші ауруханада жатыр.Тергеушілердің мәліметінше, апатқа себепкер болған жүк машинасы жол бойында бұзылып, оны жүргізуші жөндеп тұрған екен. Оның өзі жапа шеккен жоқ. Қазір жантүршігерлік оқиғаның жай-жапсары анықталуда.      

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.