{metadescription}
Қант бағасының өсуі мен тапшлығының себебі белгілі болды
Қант бағасының өсуі мен тапшлығының себебі белгілі болды

Қант бағасының өсуі мен тапшлығының себебі белгілі болды

Елімізде қант өндіру саласының халі мүшкіл. Өйткені шекер шығарып отырған алты зауыт өндіріс қуатының жартысына да қол жеткізе алмай отыр. Ішкі нарықты қантпен толық қамтамасыз ету үшін, жыл сайын 4 млн тонна қызылша өсіріп, өңдеу керек. Ал ол үшін отандық кәсіпкерлерге кезекті рет бюджеттің мол қаржысы қажет. Ал қарапайым халық жыл сайын жеміс-жидек пісіп, қыстың қамына кіріскенде бір түйткілге тап болады. Қант жоқ, немесе құны удай. Ал биыл жағдай қалай? Тілшіміз Азамат Алдоңғаров үкіметке де барып, базар да аралап қайтты.

Азамат Алдоңғаров, тілші:

-Еліміздің халқы жылына 500 мың тонна қант жейтін көрінеді. Оның орташа құнын шамамен 200 теңгеден есептегеннің өзінде қант нарығы 100 млрд теңгені құрайды. Алайда қыруар қаржыны отандық кәсіпкерлер түсініксіз себептермен меңгере алмай отыр.

Шекер татыған бизнестің бірқатар мәселелерін үкіметте тағам кәсіпорындары одағының өкілі жайып салды.

Айжан Наурызғалиева, Қазақстан тағам кәсіпорындары одағының вице-президенті:

- Елімізде алты зауыт бар. Алайда олар қазір 40 пайыз қуатпен ғана жұмыс істеп тұр. Отандық қант саласының жағдайы мүшкіл. Зауыттардың қарапайым қант қызылшасын қажетті деңгейде өсіріп, өңдеуіне жағдай жоқ.

Кәсіпкерлер ұзақ мерзімді, арзан несие сұрайды. Ол болмаған күнде қант тапшылығы мен қымбатшылығынан көз ашпаймыз. Одан қалды алты зауыттың төртеуі Алматы облысында болса, қалған екеуі Таразда. Сондықтан елдің бір шетінен екінші шетіне керуен жеткенше пысықайлардың бағаны шарықтатуы қазақша бизнестің ерекшелігі десе болады. Оның үстіне біздің кәсіпкер шығарған өнім әдеттегідей өзгенікінен қымбат.

Рүстем Құрманов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі: /ауд/

- 500 мың тонна қажеттіліктің 452 мың тоннасын өткен жылы өзіміз өндірдік. Толық 500 мыңды да өндіруге болар еді. Бірақ нарықта молдовиялық қант біздікінен арзан болды. Сондықтан арзанын алдық.

Арзанының өзі анау айтқандай арзан емес. Мәселен, Астананың дүкендерінде қант құны келісіне 300 теңгеге жетеді. Елорда әкімдігі биыл қам жасап, халық қайнатпа жабатын кезде бағаның көтерілмеуіне көңіл бөліпті.

Роза Ыбыраева, Астана қаласының тұрғыны:

-Басқа жерлерде қымбат енді. Біздің жақта мысалы 280, 290. 250 теңгеден бізге жарайды деп ойлаймын. Сондықтан рахмет 250 теңге бағаға.

Әуез Қарабалаев, Астана әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы активтерді басқару департаментінің бас менеджері:

-Біз 500 тонна қантты осы айда сатуға тиіспіз. Дәл қазіргі таңда 139 тонна қант сауда кешендеріне кетті. Соның ішінде алпысы тұтынушыларға жетті деген ақпаратымыз бар.

Жаз келсе жылда қант тапшылығымен алысатын елордалықтардың биылғы түйткіолі осылай шешілген сияқты. Алайда 250 теңге деген баға да төмен дей алмаймыз. Сондықтан қант тапшылығы мен қымбатшылығын түбегейлі жою үшін проблеманың салдарымен емес, үкіметте айтылған себептерімен күреспек керек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде