{metadescription}
Педофилді ұрған полицейдің өзі сотталуы мүмкін
Педофилді ұрған полицейдің өзі сотталуы мүмкін

Педофилді ұрған полицейдің өзі сотталуы мүмкін

Қарағанды облысында педофилді ұрған полицей жазалануы мүмкін. Ол қазір қамауда отыр. Сәтбаев қаласында бес жасар қызды зорлаған қаскөй өз пәтерінде ұсталған болатын.Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін жас сержант ашуға беріліп, күдіктіні ұрып жіберген. Бұл кадрлар лезде ғаламторда тарап кетті.  Мына кадрларда полиция қызметкері бастапқыда камерасын қосып, кейін жартылай ашық тұрған есікті құлыптап жабады да, күдіктіге аяғымен бірнеше рет белден төмен соққы жасайды. Қазір оған қатысты «билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Сержант жұмысынан қуылып, қамауға алынған. Алайда қалың жұртшылық құзырлы органның шешімімен келіспеуде. Олар педофилді ұрған полиция қызметкерін жазаламауды сұрап отыр. 

Кеше

16 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде